ЖЕТІСУДЫҢ БАЛУАНДАРЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН 14 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Уақыты: 26.11.2020
Оқылды: 2043

Алматы қаласындағы «Достық» спорт кешенінде грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Көктем айынан бері қарай өтіп тұрған ірі жарыс болғандықтан ба, балуандар боз кілемге шиыршық атып, аш қасқырдай атылып, арыстанша арпалысты. Буырқанып, көсіліп шапқан тұлпардай, маңдайынан шып-шып тер шығып, бұлшық еті бүлкілдеп, көздерінде от ойнап, белдескеннің белін сындырып, ұстасқанның қабырғасын сөгетіндей атойлап белдесті.

Иә, кілемді, жарысты әбден сағынып қалғандары көрініп-ақ тұр. Мықтысы жүлдеге қол созып, әлсізі қапы қалып жатты. Әйтсе де бұл жолғы чемпионатта жас балуандардың да бағы жанып, жаңа есімдер жанкүйердің көзіне ілікті. Тіпті, таңдаулы деген бірқатар балуан бірінші айналымнан аса алмай, жауырыны жер иіскеп жатты.

Сонымен, үш күрестің нәтижесі бойынша жүлдегер атанған балуандардың тізімін жариялайық. Бұл тұста Алматы облысының балуандары жаман өнер көрсеткен жоқ. Еркін және әйелдер күресінен жалпы командалық есепте жетісулық балуандар үшінші орынды еншілесе, грек-рим күресінен екінші орынға қол жеткізді. Еркін күрестен 1 алтын, 2 күміс, 2 қола, әйелдер күресінен 2 алтын, 2 қола, грек-рим күресінен 1 алтын, 2 күміс, 2 қола.

Жалпы, үш күрес түрінен 14 медаль жеңіп алды. Толық нәтиже төмендегідей:

Еркін күрес

57 кг

1.Дәулет Теміржанов (Ақмола)

2.Ж.Иристаев (Қарағанды обл)

3.Ғабит Төлепбай (Шымкент)

3.Талғат Қалжан (Жамбыл облысы)

61кг

  1. Адлан Аскаров (Алматы облысы)
  2. Саламат Маликов (Атырау)
  3. Расул Қалиев (Қарағанды)

3. Азамат Оганнисян (Қарағанды)

65 кг

1. Дәулет Ниязбеков (Қызылорда облысы)

2. Әдiл Оспанов (Қарағанды облысы)

3. Нұрсұлтан Садық (Жамбыл облысы)

3. Олжас Олжақанов (ШҚО)

70 кг

1. Сырбаз Талғат (Атырау облысы)

2. Нұржан Сейтжан (Шымкент)

3. Ерлан Тәңірбергенов (Алматы облысы)

3. Сұлтан Бейсов (СҚО)

74 кг

1.Нұрғожа Қайпанов

2.Қанат Мұсабеков (Қызылорда облысы)

3.Нұрлан Бекжанов (Нұр-Сұлтан)

3.Дархан Есенғали (Алматы)

79 кг.

1.Өсербаев Ғалымжан (Қызылорда)

2. Мырзағалиев Рүстем (Алм обл)

3.Балдамбаев Айдар (Ақтөбе)

3.Сакаев Болат (Атр обл)

86 кг

1.Азамат Даулетбеков (ШҚО)

2.Есқали Дәулетқазы (Алматы обл)

3.Әділет Дәулембаев (Алматы)

3.Азамат Көктеубаев (Маңғыстау)

92 кг

1. Эльхан Асадов (Маңғыстау)

2. Ералы Абдрашев (Нұр-Сұлтан)

3. Нұрғали Нұрғайыпұлы (Нұр-Сұлтан)

3. Магомадов Шамиль (ШҚО)

5. Есболат Нұржымбаев (Маңғыстау)

5. Саид Аббасов (Түркістан)

97 кг

1. Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы)

2. Серік Бахытханов (Қарағанды облысы)

3. Абылай Совет (Алматы облысы)

3. Бекзат Тәжі (Қызылорда облысы)

125 кг.

1. Олег Болтин (ШҚО)

2. Даулет Шабанбай (Павлодар)

3. Бақдаулет Өсербай (Түркістан)

3. Батырмурзаев Юсуп (Ақтөбе)

5. Талғат Жиентаев (Қостанай)

5. Ермуханбет Іңкәр (Қарағанды)

Әйелдер күресі

50 кг

1. Светлана Анкичева

2. Марал Тәңірбергенова

3. Аяжан Марқашова

3. Мадина Жеңiсқызы

53 кг

1.Асылзат Сағымбай

2.Эллада Махяддинова

3.Айзада Жүнiс (Алматы облысы)

3.Лаура Әлмағамбетова

55 кг

1.Айша Уалишан

2.Зульфия Яхярова

3.Айнұр Әшімова (Алматы облысы)

57 кг

1.Эмма Тисина

2.Алтынай Сатылған

3.Нилуфар Раимова

59 кг

1.Диана Каюмова

2.Гүлшахрат Таласова

3.Назгүл Нұрмахан

3.Әйгерім Ибрашева

62 кг

1.Аяулым Касымова (Алматы облысы)

2.Ирина Кузнецова

3.Әбен Дариға

65 кг

1.Гаухар Мұқатай

2.Әсия Әлібек

3.Анастасия Панасович 

3.Аружан Асылбек

68 кг

1. Бакбергенова Жамила (Алматы облысы)

2. Казюлина Ирина

3. Зайцева Александра

72 кг

1. Гончарова Валерия 

2. Насырова Жамила 

3. Хамитова Анар

76 кг

1. Сыздыкова Эльмира 

2. Ларионова Екатерина 

3. Жанатаева Инкара

Грек-Рим

55 кг

1. Жансерік Сәрсенбиев (Жамбыл облысы)

2. Қорлан Жақанша (Алматы)

3. Марлен Мұқашев (Нұр-Сұлтан)

3. Аманғали Бекболатов (СҚО)

60 кг.

1. Айдос Сұлтанғали (Қызылорда обл)

2. Ернар Фидахметов (ШҚО)

3. Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе)

3. Дастан Зарлыханов (Ақмола)

63 кг

1. Сұлтан Әсетұлы (Жамбыл облысы);

2. Бағлан Жақанша (Алматы);

3. Асаухат Мұхамадиев (Нұр-Сұлтан);

3. Ғалым Қабдунасаров (Алматы облысы)

67 кг

1. Алмат Кебіспаев (Нұр-Сұлтан)

2. Нұрбек Қызыров (Алматы обл)

3. Данияр Қаленов (СҚО)

3. Тәңірберген Наурызбаев (Ақтөбе)

72 кг 

1. Қаһарман Қисметов (Атырау облысы);

2. Азат Садықов (Алматы);

3. Темірлан Өмірбай (Алматы);

3. Олжас Сүлеймен (Қызылорда облысы)

77 кг

1.Демеу Жадыраев (Алматы обл)

2. Асхат Ділмұхамедов (Алматы обл)

3. Мақсат Ережепов (Атырау)

3. Тамерлан Шадукаев (Қостанай)

82 кг

1. Мирас Баршылықов (Қостанай облысы);

2. Шамиль Батыров (Шымкент); 

3. Темірлан Байғанин (Қостанай облысы);

3. Қуанышбек Досжанов (Ақтөбе облысы).

87 кг

1. Нұрсұлтан Тұрсынов (ШҚО)

2. Азамат Құстыбаев (Нұр-Сұлтан)

3. Абдулазиз Кочерадзе (Алматы)

3. Укали Эльмар (Шымкент)

97 кг

1. Ерулан Ысқақов (Қарағанды облысы);

2. Олжас Сырлыбай (Қызылорда облысы);

3. Салауат Ахметқали (ШҚО);

3. Мейірбек Қордабай (Жамбыл облысы)

130 кг

1.Алимхан Сыздықов (Шымкент)

2.Талғат Жиентаев (Ақмола)

3.Жәнібекұлы Асылбек (Ақтөбе)

3. Шадукаев Мансур (Костанай).

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Алматы қаласы