БҮГІН - БҮКІЛӘЛЕМДІК СӘЛЕМДЕСУ КҮНІ

Уақыты: 21.11.2018
Оқылды: 3099

Ең қызығы 44 жылдан бері айтулы датаға енген бұл күн жұмыр жерді мекен еткен адам баласын бейбітшіліккке шақыру мақсатында туған.

1973 жылы америкалық ағайынды Майкл мен Брайан Маккормак «қырғиқабақ соғыс» өршіп тұрған кезде, халықаралық текетіресті күшейтуге қарсылық пен наразылық танытады. «Қарапайым да тиімді амал табу қажет», - деп шешкен жігіттер әлемнің түпкір-түпкіріне сәлем хаттар жөнелтеді. Идея 180-нен астам елде қолдау тауып, соден бері қуаныш пен шаттыққа толы көңіл-күйде аталып өтіледі.

Сәлем беру мәдениеті қазақ даласында бағзы заманнан бері қалыптасып, қанға сіңді. "Сәлем - сөздің анасы" деп бекер айтпса керек. Сондықтан Халықаралық сәлемдесу күні бізге де жат емес. Бастысы сәлеміміз түзу болсын!

"ЖЕТІСУ - АҚПАРАТ"