Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

Уақыты: 22.03.2019
Оқылды: 355
Бөлім: ӘРТҮРЛІ

Астана қаласында  “Білім-Инновация” ХҚҚ ұйымдастыруымен оқушылар арасында республикалық “Kazakhstan Robotics Challenge 2019” (KRC) робототехника сайысы өтті.  KRC 2019 – Қазақстанның бүкіл облысындағы мектеп оқушыларының робототехника бойынша талдамалық және дизайнерлік дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін бірегей алаң. 

 

Аталмыш жарыс биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған республика бойынша 170 команда, барлығы 270-тен астам оқушы қатысып, 7 санат бойынша бақ сынады. Олар 5 минут ішінде берілген 6 тапсырманы орындап, салмағы 1 кг. 2 кг.-ға дейінгі роботты аренадан ығыстырып шығарып, лабиринттің соңына дейін жылдам жету, радиомашина құрастыру мен роботтар футболы сайыстарынан өтті. Бұл сайыстан үздік шыққан оқушылар “Infomatrix” халықаралық жарысына жолдама алады. Жарысқа информатика пәнінің мұғалімі Дарын   Ибраевтың жетекшілік етуімен Талдықорғандағы дарынды балаларға арналған" БІЛІМ –ИННОВАЦИЯ" мамандандырылған лицей-интернаты оқушылары да қатысып, 14 орынды иеленді. Атап айтар болсақ, дарынды шәкірттер Смағұл Айбар, Қалық Жалғас, Әбіләкім Әміре, Төлеубай Қуаныш, Қуаныш Бекеев, Диас Дүйсебаев 1-орынды еншілесе, Аман Арсен, Иемберді Әнуарбекұлы 2-орын тұғырынан көрінді. Ал Данабек Данеш, Жаирбай Ернар, Сұлтан Ниязбеков, Нұрсұлтан Нұрғалымов, Сағынтай Дидар, Дамир Маратов 3-орыннан көрінді. Білімді тірек еткен дарынды оқушылардың жетістігі біз үшін үлкен мақтаныш. Олардың әлі талай додаларда топ жарарына кәміл сенеміз.


Бекзат Ертісқызы,
Талдықорған дарынды балаларға арналған "БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ" мамандандырылған лицей-интернаты директорының ғылыми әдістемелік іс жөніндегі орынбасары