БАЙҚАУҒА ҚАТЫСЫҢЫЗ!

Уақыты: 07.04.2019
Оқылды: 1388

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

«Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшылығымен М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі «Менің өлкемнің аңыздары» атты танымдық байқау ұйымдастырады. Байқауға 18-25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. 
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, Алғыс хаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады. Байқауға қатысу өтінімі 11 сәуірге дейін жолдануы керек. Байқау ережелері мен №1 қосымша тапсырма парағы қатысушының электронды адресіне жіберіледі.
Байқау комитетінің мекенжайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 245, «М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК, тел.: 8/7282/24-30-58, 87029586478.  E-mail: baurkaba@mail.ru.
Өткізілетін іс-шараға байланысты туындайтын сұрақтар мен ұсыныс-тілектеріңізді төмендегі байланыстар арқылы білдіре аласыздар: Тауетова Жазира Барлыханқызы, жұмыс тел.: +7 (7282) 24-30-58, ұялы тел.: +7 707-901-02-35;  Құрбан Бауыржан, ұялы тел.: + 77029586478.