БІЛІМ БЕРУ: ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА

Уақыты: 22.04.2019
Оқылды: 1772

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. 

Елімізде қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің  біліктілігін арттыру  бағдарламасы  заман  талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын  тың бағдарлама екені мәлім. Осы мақсатта Талдықорған қаласы №2 мектеп базасында ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру үшін үш апталық курсы басталды. Біліктіліктерін арттыруға келген 24 мұғалімге «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы  бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институтының «мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Индира Қамбаралиева жетекшілік  етуде. Бастауыш  сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, жаңартылған оқу бағдарламаларын іске асыру үшін мұғалімнің кәсібилігін жетілдіру мақсатындағы курс өте жоғары деңгейде өтуде. Курс ұстаздары кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, педагогикалық шеберліктерін дамытуда. 
Жетекшіміз Индира  Талғатқызы  «Білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту» бағдарламасымен таныстырып, жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер өткізіп, көптеген оқу стратегиясын, әдіс-тәсілдерін, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білудің егжей-тегжейін үйретуде. Сонымен қатар, бұл курста білім мазмұнын бағалаудың ерекшеліктеріне де назар аудардық. Тақырыптар бойынша берілген проблемалық тапсырмаларды орындауда мұғалімдердің жеке, жұптық, топтық жұмыстарымен ізденуі, тұжырымды ой-пікірлерін жан-жақты талқылауы, тәжірибе жүзінде өзара пікір алмасуы маңызды әрі қызықты  болды. Курс ұстаздарға жаңа леп, тың идеяларды ұсынды. 
Ел болашағына асқан жауапкершілікпен қарайтын ұлағатты ұстаздар атынан саналы ұрпақ тәрбиелеп, сапалы білім беру жолында қажетті курс өткізген жетекшіміз Индира Талғатқызының жұмысына табыс тілеп, алғыс айтамыз. 

Облыстық «Өрлеу» БАҰО
 АҚ-ның курс тыңдаушылары