Маман даярлау маңызды мәселе

Уақыты: 04.06.2016
Оқылды: 1977

Бүгінгі  отандық  өндіріс  орындары  маман  жұмысшыға  зәру. Әсі­ресе, ауылшаруашылығында кәсіби біліктілігі жоғары механиза­тор­лар  мен  әмбебеп  темір  жонушылар,  газбен,  электр қуатымен дәнекерлеушілер, машина-трактор  жөндеуші, құ­­рылыс шебері, тігінші,  аспаз сияқты мамандықтарды жетік  мең­гер­­­гендер таптырмайды. Бұған  мал  шаруашылығы  сала­сын­дағы  ор­та буын мамандарды  да қосуға  бо­лады. Мәселенің  мәнін  зер­де­ле­сек, нарық  жағдайында қайта  да­мып, өркенді  жолға  түскен  ел  экономикасындағы  үрдісті  өсу   бұ­рынғы  жаппай  жұмыссыз­дық­ты  азайтып,  енді заман талабына сай  іскерлігі  мол  жақсы  ма­мандар  табудан тарығатын  сыңайлы.

Еліміздің  білім  туралы  заңында  «Кәсіптік  мек­теп­тер­дің  басты  міндеттерінің  бірі – еңбек  рыногында  бә­секеге  қабілетті  жұмысшылар  мен  маман  даярлау  жә­не олардың  біліктілігін  арттыру», – деп  атап  көр­сетілген.  Заң  талабына  сәйкес  қызмет  атқарып  келе  жатқан біздің  облысымызда  ғана  20-дан  астам  кәсіптік орта  оқу  орындарында  жыл  сайын   сан-са­лалы  мамандықтар  бойынша  жүздеген  шәкірт  қо­лы­на  орта  арнаулы  оқу  орнын  тамамдады  деген  куәлік  алып  шығады.

Осындай  өндіріске  өрелі  мамандар  даярлап  жүр­ген  байырғы  білім  ошағының  бірі  Жаркент  қа­ла­сындағы  көпсалалы  колледждің  бүгінгі  тыныс-тір­шілігін  зерттедік. Алдымен  колледж  директоры,  ау­дан­­дық  мәслихаттың  депутаты  Бақытжан   Сабыр­баев­пен  сұх­баттасқан  соң  кешегі,  бүгінгі  кәсіптік  мектептер  жайлы  санадағы  сан  сауалға  қанағаттанарлық  жауап  тап­қандаймыз.

– Соңғы  бірнеше  жылдан  бері  біздің  Жаркент  көп­­салалы  колледжнде талапкерлерді конкурстық  не­гіз­­де  оқуға  қабылдаудамыз,  өйткені  оқуға  түсем,  жұ­мы­с­­шы  мамандығын  меңгерем  деушілер  көп, –  дейді  ди­ректор. – Заманның  талабына  қарай  жұмысшы  ма­мандығына  деген  қоғамдық  көзқарас  та  өзгеруде. Не­гізгі  бағытымыз  ауылшаруашылық  өндірісіне  ма­ман­­дар  даярлау  болғандықтан,  саладағы  сұранысқа  же­те  мән  беріп,  тіпті  қожалықтармен  тығыз  бай­ла­ныс­тамыз.  Бізден  алған  мамандық  көпшіліктің  күнкөріс  кө­зіне  айналды.  Бұған  біздің  оқу  орнымыздың  күрделі  жөн­­деуден  өткізілуі  және  қажетті  материалдық-тех­ни­калық  базаның  жаңаруы  да  өзінің  игі  әсерін  ти­гізуде.

Сырт  көзге  бірден  байқалып  тұрған  жақсылық, жаңа­лықтарды  мақтанышпен  баяндаған колледж  директоры  өткен  ғасырдың  соңғы  жылдарында  өзінің  ешкімге  керек  болмай,   қаңыраған  оқу  корпусы  мен  жатақхана,  шеберханаларын  күзетіп  қалған  мүшкіл  халдерін  де  еске  алды. Жалпы, бұл  кәсіптік  оқу  орнының  кезінде  училище  болып  құрылу  тарихы  өткен  ғасырдың  орта  шенінен  бастау  алады. Қазіргі ат- шаптырым  аумақты  алып  жатқан  жаңа  типті  кешенді  қалашығы  1978  жылы  пайдалануға  беріліпті. Қа­лашықта  кәсіптік  лицейдің  600  оқушыға  арналған  көп-  қа­батты  оқу  корпусы,  150  орынды  асханасы, спорт-  за­лы,  410  орынды  жатақханасы, ашық  алаңдағы ста­дионы, өндірістік  тәжірибе  өткізетін  шеберханасы,  ауыл-  шаруашылық  техникалары  қойылатын  тұрақ  бар.

Мекеме  мүлкін  талан-таражға  бермей,  тоздырмай  сақтап  қалу  үшін  1997 – 2001  жылдар  аралығында  ұжым  шаруашылық  есеппен  тіршілік  етті. Осы  жыл­дарда  оқу  орнын  сақтап  қалуға  бойындағы  бар  күш-жі­герін  жұмсап, мамандығына  деген  адалдығын  та­нытқан  Алтынай  Бекбола, Құралай  Карбузова,  Бақыт  Батырбеков,  Ерғанат  Сұлтанбеков,  Сатыбалды  Мұқанов, лицей  директоры  Бақытжан  Сабырбаев  сияқты  ұстаздар  қауымын  бүгінгі  ұжымдастары  табандылығы  үшін  ерекше  қадірлейді.

– Пайдалануға  берілген  мер­зімнен  бері  күрделі  жөндеуден  өткізілмеген  оқу  ғимараты  мен  жатақхана­мыз­дың  жылу  жүйелері  2002  жылы  толық  ауысты­ры­лып, сұйық  отынмен  қыздыратын  қазандықтар  қойыл­ды. 2008  жылы  оқу  ғимаратына,  2009  жылы  жа­тақханаға  жартылай  күрделі  жөндеу жұмысы жүргізіліп, келесі  2010  жылы  материалдық  жағдайы­мыз­ды  жақсарта  түсуге  15  миллион  теңге  бөлінді. Ал­дыңғы  жылы  тағы  25  миллион  теңгеге  «Беларусь»  трак­торын,  экскаватор, «Газ-53»  жүк  көлігін,  шөп  шабатын  трактор,  10  компьютер  алдық, – деп сөзін жалғады директор.

Қазір  мекеме  меншігінде  жалпы  6  доңғалақты  трактор, 3  жүк  көлігі,  2  экскаватор,  автокран,  «Сайрам»  автобусы, «КамАЗ»  ауыр  жүк  көлігі,  «К-700»  тракторы,  тағы  басқа  ауылшаруашылық  техникалары  бар. Бұлар  ау­дандағы  науқандық  жұмыстарға   қатысып,  шәкірт­те­рінің  өндірісте  тікелей  тәжірибе  жинақтауына  мол  мүм­кіндік  беріп  отыр. Өндіріс  шеберлері  астық  жи­найтын  комбайнға  қол  жеткізуді  армандайды.  Сонымен  қатар,  150  орынды  колледждің  өндірістік  шеберха­на­сы  да  күрделі  жөндеуді  қажет  етеді. Біз  сұхбат­та­сып  отырғанда  шеберхананы  күрделі  жөндеуден  өт­кізуге  272  миллион 234  мың  теңге  бөлінетіні  жөнінде  сүйінші  хабар  жетті.

Бұл  оқу  орнында  қазіргі  таңда  338  оқушы  оқы­тылады. Олардың  орталау  мектепті  тамамдап  кел­ген­дері   үш  жылда  ауылшаруашылық  өндірісінің  ше­бер­лері,  газбен  және  электрмен  дәнекерлеуші,  әм­бе­беп  темір  жонғыш,  аспаз,  шаштараз,  электронды  есеп­теу  машинасының  операторы,  тігінші  және  электромон­тер,  жалпы  8  түрлі  мамандық  бойынша  білім  ала­ды. Оқу­шылардың  көпшілігіне  колледжді  тамам­дағанда  «ВС»  дәрежелі  кәсіпқой  жүргізуші  деген  мамандық  қосымша  беріледі. Бұлардан  басқа орта  мектепті  аяқ­тап  келіп  ауылшаруашылық  өндірісіне  қажет  ма­ман­дықтар  алуға  талаптанғандар бар.  Олардың  басым  бө­лігі  аудандық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағ­дар­ламалар  бөлімі  арқылы  оқытылады. Бұлар   таң­даған  мамандықтары  бойынша  қысқа  мерзімде білім  мен  тәжірибе  жинақтап,  кең  көлемді  механизатор  мамандығын,  оған  қосымша  «ВС»  дәрежелі  кәсіпқой  жүргізушілікті  меңгереді.

Қазіргі  оқу  бітіріп  өндіріске  барған  қандай  да  ма­­манға  қойылар  басты  талап, өз  ісін  білік­тілік­пен  атқару.  Яғни,  жас  маман  білімін  өзі  оқыған  ор­­нынан тыңғылықты  тәжірибемен  шыңдап  шығуы  шарт.  Колледждің  2-3-кур­сын­да  оқи­тын  оқушыларға  тікелей  өндіріс  орын­да­рында  тә­жі­рибеден  өту­ге  жағдай  жасалған.  Мы­салы,  ме­ха­ни­затор  ма­ман­дығын  алатын­дар  аудандағы  «Ернар», «Айгерім»,  «Аман­кел»  сияқты  жүгері  өсіретін  ірі  шаруашы­лық­тар­дың  егін  жинау  науқанына  қа­ты­сып, тәжірибеден  өту­мен  қатар  өзіне  табыс  та  тауып  жүр. Ал  кең  кө­лемді  тамақтандыру  орын­да­ры­ның  маманы  болатын  жас­тар  Жаркент  қаласындағы  «Атлантик»,  «Ирада»  сын­ды  мейрам­ханаларда  тәжірибесін  шыңдап, олардың  ара­сында  іскерлігімен  көзге  түскендері   осы  кә­сіпорындардан  болашақ  тұрақты  жұмыс  орнын  та­буда.

– Өндірістік  оқыту  сабақтарында  жаттығу  жүр­гізу  үшін  өз  техникаларымызды  да  пайдаланамыз, – дей­ді директордың  кәсіптік  оқыту  жөніндегі  орын­басары  Дүйсен  Мырзахметов.

– Оқу  орынының  жанында  тәжірибе  алқабы  бар. Оқушыларымыз  сол  алқапта  техника  жүргізіп,  жер  жыр­туға,  тұқым  себуге  машықтанады. Көктемгі  егін  егу,  күзгі  жиын-терін  науқаны  кезінде  өз  техника­ла­ры­мызбен  жеке  шаруа  қожалықтарына  ақылы  қызмет  көр­сетіп, көмектесіп  келеміз. Тапқан  табысымыз  оқу  ор­нындағы  мәдени  іс-шараларға, материалдық-тех­никалық  базаны  нығайтуға  жұмсалады.

Биылғы оқу  жылында  колледжден  99  жас  орта  арнаулы  кәсіби  мамандық  алып  шықпақшы.  Өткен  оқу  жылында  колледж  тамамдаған  жастардың 99  пайызы  жұмысқа  орналасқан, биылғы  болжам  бойынша  түгел  жұмысқа  орналасуға  мүмкіндік  бар.

Мекеменің  мерейін  үстемдетіп  жүрген  білімді,  білікті  ұстаздар аз  емес. Айталық,  физика-информатика  пәнінің  оқытушылары  Алтынай  Ақылшақызы, Ләззат  Қабылбекова,  Эльмира  Шынахунова  облыстық, республикалық  байқаулар  жеңімпазы  болса,   арнайы  пән  оқытушысы  Бақыт  Батырбеков  облыстық  «Ең  таңдаулы  оқытушы»  байқауында  «Өз  ісінің  шебері»  атанды. Ұзақ  жылдардан  бері  еңбек  ететін өндірістік  оқыту  шеберлері  арасында  Мамыр  Абылғазиев, Алек­сандр  Лысенко, Рафхат  Тохтаев, Өнербай  Нүсіп­беков,  тағы  басқаларын  жеткіншектерге  берген  тәлімді  тәр­биесі  үшін  ұжым  мақтаныш  етеді. Жоғары  білім  алып,  оқу  орнындағы  ұстаздар  ортасына  келген  Алмас  Шо­панов,  Алтынбек  Әбдіманов  сынды  жас  өндіріс  ше­бер­лері  жастар  тәрбиесіне  білек  сыбана  кіріскен.

Жылдан-жылға  кәсіптік  колледжге  оқуға  келуші  жа­с­тардың  саны  артып,  білім  сапасы  жоғарылай  тү­су­де. Осындай  міндеттер  мен  мақсаттар  жастарға  кә­сіптік  білім  беретін  ұстаздарға  салмақты  жауапкер­ші­лік  жүктейді. Өйткені  бүгінгі  кәсіптік  мектепте  білім  алатын  жастар – ертеңгі  отандық  өндірісті  өрге  бас­тар өренд

Мырзағали НҰРСЕЙІТ