ОРМАН ҚОРҒАУ: "ҚОЛДА БАР АЛТЫННЫҢ ҚАДІРІН БІЛЕЙІК"

Уақыты: 24.07.2020
Оқылды: 3899

Табиғат - адамзат үшін ең құнды тіршілік иесі. Ауа, су, жануар мен өсімдіктердің арқасында қоректеніп, өмір сүріп келеміз. Бізді қоршаған ортаның ластанбай, орман-тоғайдың құлпырып, тіршіліктің қайнар көзі тұтанып тұруы адамдардың қорғауында екені айдан анық. Қазіргі таңда, осындай табиғатты қорғау үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жұмыс жасайды. Ең басты міндет жануар мен өсімдіктердің азайып, қызыл кітапқа енгізбеуге қарсы күрес жүргізу.

Көгалдандыру жұмыстары күз, көктем мезгілінде орындалса, жаз мезгілінде өрт қауіпсіздігіне қатаң ұстанымдар енгізіледі. Одан бөлек демалушылардың табиғатты албаты қоқыстандыруына тиім салуға құқылы. Орман-тоғайдың тағы бір жауы - ағаштарды отау. Бұрындары ормандар отынға, құрылысқа деп еркін оталып келген. Сондай бейберекет әрекеттің арқасында ормандар біршама ауытқуға түсіп, климатқа әсерін тигізді. Ағаштарды рұқсатсыз кескені үшін енді айыппұл салынып, қатаң талаптар қойылды. Жан-жануардың да құқығы сақталып, атуға шектеу бар.

Қазақстан жер ресурстары бай болғанымен, орманның алып жатқан бөлігі 4,2 пайызды ғана құрайды. Бұл дегеніміз енді 100 жылда орман жоқ болады деген үлкен қауіп-қатерге әкеп соғады. Сондықтан қазірден бастап, жаппай көгалдандыру жұмысымен айналысып, қатаң тәртіпті ұстана отырып жұмыс жасауымыз керек. 

Алты мемлекеттік ұлттық саябақ, орман шаруашылығы және биоресурстар жөніндегі 14 облыстық аймақтық басқарма, табиғатты қорғау жөнінде 138 мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер тыңбай еңбек етуде. Осыған орай, Жетісу елді мекеніндегі орман шаруашылығының жұмыстарымен таныстырып, табиғаты жайлы шолу жасап өтейік.

Кезінде қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлдер қайтадан жайқалып шыға бастады. Бұл дегеніміз жасалған жұмыстың оң нәтиже беруі деп білемін. Осындай, сирек кездесетін өсімдік пен жануарлар, балықтардың жойылып кетпеуіне үлкен назар аударудамыз. Бірнеше жылдап жасаған еңбектің нәтижесін осындай статистика бойынша тексереміз. Одан басқа ең ауқымды проблема өрт болып отыр. Өртің өршу процесі күз айында көптеп болады. Тілсіз жаудың шығу себептері: адамдардың қолынан жасалған, найзағай немесе құстардың арнайы жасаған әрекеті болуы мүмкін және тағы басқа себептері бар. Құрылыс материалдарына, дәрі-дәрмекке өсімдіктерді арнайы рұқсат қағазбен белгілі бөлінген аймақтан ғана алады.

Орманның көп болуы экологияны тазартып, ғасырдан ғасырға тіршілік ету үшін бірден-бір алтын қазынамыз. Орынсыз қолданудың арты құрғақшылық пен табиғи апаттарға әкеп соғары анық. Сондықтан тек ғана орман шаруашылығының қызметі деп бейжай қарауға болмайды. Жер Анадан нәр алып, мөлдір су мен таза ауада дем алу, болашаққа ну орман қалдыру әркімнің парызы. Табиғат біздің өмір сүруіміздің кепілі. Қолда бар алтынның қадірін білейік.

Асхат Касенов,
Алмас Байшапанов,
Орманшылар