Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 маусымдағы № 243 (ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №514 бұйрығына өзгерістер енгізу) «Электр энергиясын өндіруші ұйымдардың электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2020 жылдың 01 шілдесінен бастап тарифтер көтерілді:
ҚР қолданыстағы заңнамаларының талаптарына сәйкес электр энергиясын өндіруші және тасымалдаушы (транзиттік) ұйымдардың тарифтері «Жетысу Энерготрейд» ЖШС-нің тарифтеріне тікелей әсер етеді, өйткені электр энергиясын сатып алу және тасымалдауға қарастырылған шығындар үлесі Алматы облысы Талдықорған өңірі тұтынушыларын электрмен жабдықтауға арналған барлық шығындардың 94,7% құрайды.
Жоғарыда айтылған жағдайды ескере отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы «30» шілдедегі №03-13-1/949 хаты негізінде «Жетысу Энерготрейд» ЖШС Алматы облысы Талдықорған өңірі тұтынушыларын 2020 жылдың 15 тамызынан бастап электр қуатының бөлшек сату шекті бағасының 3% көтерілетінін хабарлайды.
Тұтынушылар топтары бойынша сараланған электр қуатының бөлшек сату шекті бағасы төмендегідей (ҚҚС-ті қоса есептегенде):
Тұтынушылар топтарының атауы |
Анықтама |
Шекті баға |
|||
01.01.2020ж. баға |
15.08.2020 ж. баға |
ауытқуы |
|||
теңге |
% |
||||
Тұтынушылардың І тобы |
Электр энергиясын тауар өндіруге (сатуға), жұмыс және қызмет көрсетуге қатысы жоқ, тұрмыстық қажеттіліккке пайдаланатын жеке тұлғалар |
15,27 |
15,74 |
0,47 |
3 |
Басқа да заңды тұлғалар (ПИК,бақша қоғамдары, саяжай кооперативтері, т.б..) |
|||||
Тұтынушылардың 2 тобы |
Электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктерге пайдаланатын заңды тұлғалар |
25,2784 |
26,0400 |
0,76 |
3 |
Тұтынушылардың 3 тобы |
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын Заңды тұлғалар |
33,4880 |
34,5072 |
1,02 |
3 |
Тарифтер жөнінде толық ақпаратты www.tkjet.kz сайтыннан ала аласыздар.
«Жетысу Энерготрейд» ЖШС