Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, әдептілік стандарттарын сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау және қызмет аясында орын алуы мүмкін бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткен шараға мемлекеттік қызметкерлер қатысып, мемлекет тұрақтылығының кепілі мемлекеттік қызметшілердің ақпараттың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз етуін, халықтың барлық тобына ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етуі керегін ұғынды.
Әрбір қазақстандық мемлекеттік қызметші өз қызметінде мемлекеттік қызметтегі мінез-құлық қағидаларын реттейтін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін басшылыққа алуға міндетті. Кодекске сәйкес олар жоғары кәсіби, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға міндетті.
Кездесуде 2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы бекітілгені түсіндірілді. Тұжырымдама 3 негізгі бағытты қамтиды. Біріншісі, мемлекеттік қызметтің сервистік моделін қалыптастыру, екінші мемлекеттік қызметті кәсібилендіру, үшіншісі Эйчар процестерді басқару және цифрландыру. Тұжырымдаманы іске асыру аясында Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жобасы әзірленеді. Жаңа заң жобасымен мемлекеттік аппараты кәсібилендіру мақсатында іріктеу жүйесін жаңғырту, ерте кәсиби бағдарлау механизмдерін енгізу, горизонтальді өсу мүмкіндіктерін қарастыру, қызметшілерге қажетті әлеуметтік кепілдіктерді жақсарту және еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру мәселесін қайта қарау жоспарланып отыр. Осыған орай 70-ге жуық заңға тәуелді нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу күтілуде деген ақпарат айтылды.
Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығын арттырып қана қоймай, мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілерді заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы үнемі хабардар ету үшін осындай іс-шараларды тұрақты өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Аталған бағыттағы жұмыстарды нәтижелі жүзеге асыру айрықша маңызды. Мемлекеттік қызметшілерге құқықтық ақпарат жеткізу жөніндегі жұмыс мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті