Су тасқынының алдын алу жыл сайынғы маңызды шаралардың бірі. Осы мақсатта 132 шақырымнан астам канал мен 251 шақырым арық жүйесі тазартылып, 254 су өткізу құбыры қалыпқа келтірілді. Бұл көктемгі жауын-шашында ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Табиғатты түлету жұмыстары да қызу жалғасуда. Аудан бойынша 5 897 түп ағаш егілді. Оның ішінде, табиғатқа сән беріп, ауа сапасын жақсартатын жапырақты ағаштар мен қылқанжапырақты көшеттер де бар.
Сондай-ақ «Таза бейсенбі» аясында тұрақты түрде іс-шара ұйымдастырылып тұрады. Нәтижесінде 1 000 тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар жиналып, 4 000 ағаш әктелді. Тазалық жұмыстарына 30 техника жұмылдырылды.
Аружан ЖАҚЫП,
Көксу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы