Орта салмақта WBC ұйымының «уақытша» чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (23-1, 18 KO) осы дивизионда WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жекпе-жекке келісті.
Жекпе-жектің күні де айтылды.
«Адамес пен Әлімханұлы арасында орта салмақтағы үш тиутл үшін айқасты 3 тамыздағы бокс кешінің кардына қоссақ қалай? Маған бұл ой ұнап тұр», — деп жазады Broadway Joel твиттер-аккаунтты.
Адамес бұл ұсынысты қолдады.
«Мен бұған әлбетте келісемін!!! Мен Жәнібекпен ойнап уақыт кетіріп жатқан жоқпын, оның промоутері келісімшартқа қатысты әзілдей береді… Саған олардың нөмірін берейін бе?», — деп жазыпты Карлос.