Талдықорған: +38°C
$ 517.45
€ 598.59
₽ 6.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет АЛТЫН ТҰҒЫР

ҚАБАНБАЙДЫҢ 330 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫНАН ЖАРЫС ӨТТІ

07.05.2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҚАБАНБАЙДЫҢ 330 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫНАН ЖАРЫС ӨТТІ

«Талдықорған» атшабарында Қаракерей Қабанбайдың 330 жылдығына орай ұлттық ат спорты түрлерінен облыстық жарыс өтті. Сәйгүліктер сайысын Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы Лаззат ТҰРЛАШОВ тамашалады.

Ұлттық ойынымыз ұлықталған шара барысында сөз алған Лаззат Махатұлы:

– Ұлттық дәстүрді құрметтеп, бай рухани қазынаны әлемге таныту бағытында елімізде ауқымды шаралар атқарылуда. Әсіресе, ұлттық спорт түрінен оның ішінде ат спортын дамыту мақсатында облыста бір орталық, үш балалар  мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасауда. Сонымен қатар, «Көкбастау», «Талдықорған» сияқты заман талаптарына сай атшабарларымыз бар, – деп аймағымызда ұлттық спортты дамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ, Таразда көкпардан ересектер арасында өткен ел біріншілігінде топ жарған облыс командасын айтулы жеңістерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Қыраннан қырағылықты, тұлпардан тектілікті бойына сіңірген, жүйрікті тап басып танитын халықтың ұрпағы болғандықтан, сәйгүліктердің шабысын тамашалауға келген көрерменнің қарасы көп болды. Доданың алғашқы дүбірі жаужүрек бабаларымыздан қалған асыл мұраның бірі, ұлттық ойын – көкпар спортынан басталды.

Ат құлағында ойнайтын жігіттердің шеберлігі, ептілігі мен күш-қайраты сыналатын сайыс тартысқа толы болды. Әсіресе, үздік төртікке енге командалар жұртшылықты ерекше өнерімен тамсандырып, сайыс көркін қыздырды. Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға таласта Қарасай ауданы Көксу ауданының командасын 5:2 есебімен ұтып, 300 мың теңгенің сертификатын қанжығалады. Ақтық сында Панфилов ауданының көкпаршылары Талғар ауданының командасынан 4:1 есебімен басым түсіп, облыстық сайыстың жеңімпазы атанды. Жеңімпазға 1 млн.теңге, күміс жүлдегерлерге 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Келесі кезекте тай жарысқа үкілеп қосқан тұлпарлардың шабысы болды. Бұл топқа 20 тай қатыстырылды. Дала төсін шаңға бөгіп, тақымы тайға жабысқан шабандоздар да жиналған қауымның ықыласына бөленді. Бес шақырымдық тай жарысының қорытындысы бойынша 1-орынды Медет Беркінбаевтің «Доланқара» атты жүйрігі (Жамбыл облысы) жеңіп алды. 2-орынды Жалғызағаш ауылы, Ақылбай шаруашылығының «Айқай» тайы еншіледі. 3-орынды Медет Беркінбаевтің «Еркеханымы» ұтты. 4-орынды Жеңісбек Мәутебайдың «Тассайы» (Ескелді ауданы), 5-орынды Серікбол Мәуленұлының (Көксу ауданы) «Қоянқасқасы» иемденді.

Құнан бәйгеде тоғыз шақырымға құйрық-жалы сүзілген кілең жүйрік желмен жарысты. Талай дүбірлі додада топ жарып, жүлде алған арғымақтар жиналған жұртшылықтың делебесін қоздырып, бәйге төбені қиқуға толтырды. Дода қорытындысы бойынша Нұрым Қырғызбайдың «Замангері» (Жамбыл ауданы) мәре сызығын бірінші болып кесті. Ұзынағаштан келген Дастан Тойбаевтің «Нұртасы» тұғырдың екінші сатысынан көрінді. Асыл Дәулетовтың «Аламаны» (Кербұлақ ауданы) үздік үштікті түйіндеді. 4-орын Мұрат Тәжиевтің «Сұңқарына» (Қаратал ауданы), 5-орын Дәурен Берлібаевтің «Бәрекелдісіне» (Ақсу ауданы) бұйырды.

Топ бәйгеде 25 сәйгүлік 15 шақырымға көсілді. Бұлсында Төребек Құрманғалиевтің «Қарбурасы» (Жамбыл ауданы) топ жарып, 1 млн.теңге алды. Джанколиковтер әулетінің «Лидеры» (Іле ауданы) тұғырдың екінші сатысынан көрініп, 500 мың теңгені иеленді. Үздік үштікті Сұлтан Жоланұлының «Беріктас» атты сәйгүлігі (Жамбыл ауданы) түйіндеді. 4-орын Шеңгелді ауылынан келген Тұрсын Асылбековтың «Жебе» атты тұлпары алды.

9 шақырымды бағындырған жорға жарысында 1-орынды Нұрлан Қасымханның «Латив» атты тұлпары жеңіп алды. 2-орын Жарылқасын Сабазбековтың «Ұлытауы» (Алматы қаласы), 3-орынды Анатоли Шабаевтің «Чаронтлак» атты сәйгүлігі (Алматы қаласы) еншіледі. 4-орынға Павел Савченконың «Примусы» (Алматы облысы), 5-орынға Жәнібек Керейдің «Ханы» (Өскемен) тұрақтады.

Осыдан кейін жамбы ату, теңге ілу, көкпар, аударыспақ сияқты ат спорты ойындары өтті. Ұлттық өнерді ұлықтаған Ұлы Даланың ұландары көрермендерге керемет әсер сыйлады.

«Бәйгенің көркі – аламан» дегендей, 25 шақырымдық жарыс жолына әр тараптан қосылған 31 жүйрік бағын сынады. Қиқуға-қиқу қосқан елдің үнін естігенде шабандоздар тізгінді босатты. Жан-жақтан жиналған кіл жүйріктер ауыздықтарымен алысып, жүйтки жөнелді. Ылдидан шапса төске озған сәйгүліктердің додасы тартысқа толы. Соңғы айналымдарда мықты деген дүлдүлдер суырылып алға озып, өз алдарына жеке бір топ құрса, бабы келіспеген біраз жүйрік жарыс жолынан қалыс қалды. Желмен жарысқан жүйріктер жарысының қорытындысы бойынша 1-орынды Жамбыл ауданынан келген Тастан Әбдібайдың «Самрұқ» атты сәйгүлігі жеңіп алды. Жарыс жеңімпазына «Hyundai Elantra» автокөлігі табысталды. Мәрені екінші болып Талғар ауданынан келген Мақсұт Нысанбаевтың жүйрігі кесіп, 1,5 млн.теңгенің сертификатын алды. Үздік үштікті Жамбыл ауданынан Мұрат Қозыбаевтің тұлпары түйіндеді. 4-орынды Батырхан Сабуровтың (Абай облысы), 5-орынды Серік Құланбаевтың (Талдықорған қаласы), 6-орынды Бақыт Иманқұловтың (Жамбыл ауданы), 7-орынды Рүстем Досжановың (Көксу ауданы) сәйгүлі еншіледі.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Лаззат Тұрлашов марапаттап ақшалай сыйлықтар табыстады.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat Олимпиадасының финалы басталды

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat Олимпиадасының финалы басталды

18.06.2025
Зейнетақы шамамен 200 мың теңгеге дейін өсті – министр

Зейнетақы шамамен 200 мың теңгеге дейін өсті – министр

18.06.2025
Тоқаев Қытайға Каспий теңізінде ортақ жоба жасауды ұсынды

Тоқаев Қытайға Каспий теңізінде ортақ жоба жасауды ұсынды

18.06.2025
Жетісу облысында рұқсат етілмеген 243 қоқыс орны анықталды

Жетісу облысында рұқсат етілмеген 243 қоқыс орны анықталды

18.06.2025
Өңірде қазақ киносының онкүндігі басталды

Өңірде қазақ киносының онкүндігі басталды

18.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.