Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалдық жекпе-жекте Доминикан Республикасының өкілі Хосе Агустин Трисетпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жектің бірінші раундында жарақат алғанына қарамастан, Айбек тамаша шеберлік танытып, екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.
Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жетіп, жарыстың ширек финалына жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Надежда Рябец кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз еткен болатын. Ал 60 келіге дейінгі салмақта Серік Теміржанов та ширек финалға шыққан еді.