Талдықорған: +38°C
$ 517.45
€ 598.59
₽ 6.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет АЛТЫН ТҰҒЫР

АЙДАРЫНАН ЖЕЛ ЕСКЕН ЖЕТІСУЛЫҚТАР

14.06.2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
АЙДАРЫНАН ЖЕЛ ЕСКЕН ЖЕТІСУЛЫҚТАР

Еліміз егемендік алған жылдары 19 жастағы Андрей Кивилев ұлттық құраманы бастап, шет мемлекеттердегі түрлі ірі жарыстарда топ жарды. Ғұмыры келте қайырылған (2003 жылы 29 жасында өмірден өтті) талдықорғандықтың жарқын жолын бүгінде ізбасарлары лайықты жалғастырып келеді. Күні кеше Алматыда алғаш рет өткен тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында Кивилев атындағы  облыстық мектептің шәкірттері жеңіс тұғырынан көрініп, айтулы жетістікке қол жеткізді.


Алатаудың баурайында өткен Азия чемпионаты ел құрамасы үшін сәтті аяқталды. Жалпы есепте 6 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль алып 1-орыннан көрінді. Одан кейін 2 алтын, 1 күміс алған Тайпей және 3-орынға 2 алтыны бар Оңтүстік Корея ие болды (жалпы жарысқа 30 мемлекет қатысты). Қазақстан құрамасы ересектер арасындағы аралас командалық эстафетада (Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова), жасөспірімдер арасындағы аралас командалық эстафетада (Батырхан Алик, Мансұр Бейсембай, Михаил Подлужный, Ангелина Буренкова, Евгения Заам және Екатерина Удовыкина), ерлер арасындағы жекелей сында (Евгений Федоров), жасөспірім қыздар арасындағы жекелей жарыста (Мария Елькина), андерлер арасындағы жекелей бәсеке (Николя Винокуров) мен андер қыздар арасындағы жекелей сында (Ақпейіл Өсім) алтын алды. Ал бұл қатарда жетісулықтардың жүлдесі – 4 алтын (екі алтын командалық эстафетада), 3 қола медаль.  

Елімізге белгілі спортшылардың Азия чемпионатынан тыс қалуы жөнінде Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Даниил Фоминых «Өкінішке қарай, биылғы Азия чемпионаты басқа да ірі халықаралық жарыстармен тұспа-тұс келді. Сондықтан «Astana Qazaqstan Team» шабандоздары бос болмады. Биылғы Азия чемпионатының өту ережесі мен мерізмі кеш жарияланғандықтан Париждегі Олимпиадаға дайындық аясында ел құрамасының үздігі Алексей Луценко қатыспады.  Ода басқа жарыстар жоспарланған», – деді ол. Қазақстан намысын Азия чемпионатында қорғаған 18 велошабандоздың 10-ы жетісулық. Олар – Евгений Федоров, Игорь Чжан, Кирилл Чжан, Бота Батырбекова, Ақпейіл Өсім, Виолетта Казакова, Фаина Потапова, Евгения Заам, Екатерина Удовыкина, Милана Лебединская. Команданың лидері есебінде сынға түскен жастар арасындағы әлем чемпионы (2022) жетісулық Евгений Федоров 44 шақырымға белгіленген жекелей сында 49 минут  46 секундта келіп, алтын алды. Екінші болып келген қазақстандық Дмитрий Груздевтің уақыты – 50:20. Федоров одан бөлек, аралас командалық жарыста да тұғыр биігіне көтерілді. Ал 151 шақырымға созылған топтық бәсекеде Ыро Ким (Оңтүстік Корея) мен Сянджин Льюдан (Қытай) кейін келіп, қоланы қанағат тұтты.

«Бұрылысы мен қиылысы жақсы таныс жолда өз жоспарымды толық орындай алдым деп ойлаймын. Жеке сындағы алтынымды еліме арнаймын. Ал қола медаль – бұйырғаны. Барымды салдым, тек сәттілік жетіспеді. Маған көмектескен командаластарыма, тілегін білдірген қолдаушыларыма алғыс айтамын»,– деді жарыстан кейін Евгений Федоров. Жастар арасындағы аралас эстафета қатарында жетісулық Евгения Заам мен Екатерина Удовыкина бар Қазақстан құрамасы Өзбекстан мен Тайландты артқа қалдырып, алтынға ие болды. Жетісулықтардан тағы бір алтынды андер қыздар арасындағы жекелей сында Ақпейіл Өсім алды. Ол 112,6 шақырымға созылған топтық жарыста 2:56:51 уақытта келді. Оның алдында 20 шақырым болған сында 29:58:41 уақытта келіп, қола алған еді. «Бірінші келгеніме әлі де сене алмай тұрмын. Жарыста қарсыластармен ғана емес, ыстық ауа райымен де күресуге мәжбүр болдық. Бірақ, сонда да жеңілмеуге тырыстық. Мақсатымызға жеттік, қуаныштымын», – дейді жас жеңімпаз. Ақпейіл Өсім бүгінде «Astana Dewi» командасының қатарында жүр. Ал оның алдында Махаббат Үмітжанова екеуі «Dubai Police» командасында болды.

Бас бапкер Даиил Фоминых «Құрамадағылар өте жақсы нәтиже көрсетті. Бұл Азия чемпионаты алдындағы дайындықтың жақсы болғандығын көрсетеді және деңгейіміздің өскендігін білдіреді. Былтыр Тайландта өткен Азия чемпионатындағы нәтижемен мүлдем салыстыруға келмейді. Бастысы, біздің құрамада өсу бар», –  дейді. Келесіде елімізде велоспорттан үлкен жарыстар өтсе, басшылық тарапынан да қолдау болатындығы сөз арасында айтылды. Велоспорттан Азия конфедерациясының бас хатшысы Онкар Сингх «Жарыстың алдындағы қызу дайындықты, жарыс барысындағы жұмыстарды көрдім, риза болдым. Алматы Азия чемпионатын жоғары деңгейде өткізді. Келешекте де ірі турнирлердің болатындығына сенімдімін. Ал сіздердің құрамаларыңыздағы спортшылардың өсуі мені қатты таңғалдырды. Дәл қазіргі сәтте жаһанда әлсіз команда жоқ. Ал солардың арасынан жеңіске жету – үлкен еңбек», – деді өз сөзінде. 

Енді белгілі велошабандоздарымыз төрт жылдықтың басты додасында топ жару үшін барын салады. Париж Олимпиадасында да жетісулық өрендер өз биігінен түспейді деген сенімдеміз.  

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat Олимпиадасының финалы басталды

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat Олимпиадасының финалы басталды

18.06.2025
Зейнетақы шамамен 200 мың теңгеге дейін өсті – министр

Зейнетақы шамамен 200 мың теңгеге дейін өсті – министр

18.06.2025
Тоқаев Қытайға Каспий теңізінде ортақ жоба жасауды ұсынды

Тоқаев Қытайға Каспий теңізінде ортақ жоба жасауды ұсынды

18.06.2025
Жетісу облысында рұқсат етілмеген 243 қоқыс орны анықталды

Жетісу облысында рұқсат етілмеген 243 қоқыс орны анықталды

18.06.2025
Өңірде қазақ киносының онкүндігі басталды

Өңірде қазақ киносының онкүндігі басталды

18.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.