Қазақстандық спортшыларды алдағы аптада бірқатар маңызды халықаралық және республикалық жарыстар күтіп тұр, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Енді сол жарыстардың қашан, қай жерде өтетініне қысқаша тоқталып өтейік.
3-9 наурыз аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі:
3-6 наурыз: Пара садақ атудан жабық кешендегі ел чемпионаты
Сайысқа еліміздің 8 өңірінен 60 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шымкент ққаласы.
3-7 наурыз: Фристайл-могулдан Еуропа кубогы кезеңі
Жарысқа ел құрамасынан 2 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Била тау-шаңғы курорты, Чехия.
3-9 наурыз: Биатлоннан Әлем кубогінің 7-кезеңі
Бұл сында ел намысын 8 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Нове-Место-на-Мораве қаласы, Чехия.
4-10 наурыз: Спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңі
Ұлттық құраманың 4 спортшысы бақ сынайды.
Өтетін орны: Баку қаласы, Әзербайжан.
5-10 наурыз: Кикбоксингтен ересектер арасындағы әлем кубогы
Сайысқа 40 елден 800 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 37 спортшы жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Езоло қаласы, Италия.
6-8 наурыз: Семсерлесуден әлем кубогы
Ел намысын 4 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Падуя қаласы, Италия.
6-12 наурыз: Парабиатлоннан әлем кубогы
Жарыста 3 отандасымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Торсби қаласы, Швеция.
6-17 наурыз: Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты
Әлем біріншілігінде 10 боксшымыз жұдырықтасады.
Өтетін орны: Ниш қаласы, Сербия.
7-11 наурыз: Допты хоккейден Қазақстан чемпионаты
Ішкі біріншілікке 13 өңірден 100 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Алматы қаласы.
8-9 наурыз: Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы
Бозкілемде отандық 8 спортшы белдеседі.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы