Талдықорған: +23°C
$ 533.61
€ 621.07
₽ 6.78
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет АЛТЫН ТҰҒЫР

Қазақстан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында өз тарихындағы ең нашар нәтижені көрсетті

17.02.2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Қазақстан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында өз тарихындағы ең нашар нәтижені көрсетті

Қытайдың Харбин қаласында өткен IX қысқы Азия ойындары өз мәресін жетті.

Бұл туралы 7- su.kz желілік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Азияның олимпиадасы саналатын бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең нашар нәтижені көрсетті. Жүлделер бойынша жалпы есепте төртінші орынды иелендік. Бұл дүрмекті доданың тарихын білетін жандар: «Қазақстан бұған дейін үш рет төртінші орынды иеленді емес пе? Оны неге жыр қыла бересіңдер?» деуі мүмкін. Алайда, осыған дейін алтыннан мұндай кенде болған емес едік. Тіпті, 2007 жылғы Қытайдың Чанчун қаласында өткен қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы небәрі 18 медаль алғанымен, 6 алтын жүлде жеңіп алған еді.

Хош, өткенді еске алғаннан ештеңе өзгермейді. Бүгінімізге көз жүгіртейік. 7-14 ақпан арасында Харбинде өткен қысқы Азия ойындарында біздің спортшылар 20 медаль жеңіп алды. Бұған дейін медаль саны бойынша ең нашар нәтижеміз 2007 жылы болғанын жоғарыда айтқан едік. Биылғы қысқы Азия ойындары бойынша осы нәтижеден тек бір саты ғана жоғары орналастық.

Спорт сүйер жанкүйердің көңілін қалдырған турнирде, көңілімізді көтерген спортшылар жайлы айтайық. Бұл дүбірлі додада Қазақстан спортшылары небәрі төрт алтынды олжалады.

Алғашқы алтынды шорт-тректен ерлер құрамасы алып берді. 5000 метрге эстафетада жігіттер соңғы сәтте жеңісті жұлып алып, тарихта маңызды орын қалдырды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасынан Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Әжіғалиев, және Глеб Ивченко өз шеберліктерін көрсетті.

Келесі алтынды қанжығамызға фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы салды. Синхронды секіру бойынша жарысқа қатысқан Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев қарсылас шақ келтірмеді. Жұптық сында өте жоғары өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Үшінші алтынды биатлоншы Владислав Киреев иеленді. 10 шақырымдық спринт сайысында чемпиондыққа қос қазақстандық спортшы таласқан еді. Соңғы сәтте Вадим Куралес Владиславқа жете алмады. Осылайша, бұл сайыста Қазақстанға биатлоншылар қос медаль алып келді.

Жарыстың соңғы күнінде шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы тағы бір алтынды жеңді. Бұл Азия ойындарында қарсылас шақ келтірмеген жігіттер жеңістің ең биік тұғырынан көрінді. Финалда Жапонияны 5:0 есебімен ұтқан Қазақстан құрамасы бесінші рет Азия чемпиондары атанды.

Спортшыларымыздың еншілеген өзге жүлделеріне келсек, Харбиндегі бір аптада қоржынға 9 күміс түсті. Куралестің күмісінен бөлек, Евгений Кошкин 100 метрге конькимен жүгіру сайысында екінші орын алды. Сондай-ақ, шаңғы жарысынан Константин Борцовта дәл осы межені бағындырды.

Ал командалық сайыстар бойынша фристайл-акробатикадан аралас құрама, шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы, биатлоннан ерлер командасы және Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы күміспен күптелді.

Отандық спортшылар қола жүлдені 7 сайыстан иеленді. Олжас Климин мен ерлер құрамасы шаңғы жарысынан қос қола медаль жеңді. Фристайл-акробатикадан да қос медаль бұйырды. Аяна Жолдас жекелей сында үшінші орын алса, әйелдер құрамасымен бірге тағы да қолаға қол созды.

Конькимен жүгіруден аралас құрама да мәреге үшінші болып келді. Сонымен қатар биатлоннан да ерлер құрамасы үздік үштіктен көрінді. Еліміз үшін соңғы қола жүлдені мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өткен 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында 4 алтын, 9 күміс, 7 қола еншілеп, жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады.

Өз елінде өткен бәсекеде Аспанасты елі үздік болды. 32 алтын, 27 күміс, 26 қоланы жеңіп, жалпы есепте 85 жүлдемен көш бастады.

Екінші орынды Оңтүстік Корея оғландары еншіледі. 16 алтын, 15 күміс, 14 қоланы ұтқан кәрістер бұл Азиядадан 45 медаль жеңіп, олжалы қайтты.

Ал үздік үштікті Жапония түйіндеді. 10 алтын, 12 күміс, 15 қола жеңген Күншығыс елінің өкілдері жалпы саны 37 жүлде иеленді.

Фото: olympic.kz
 

Қатысты жаңалықтар

Мінезі бар мызғымас ерге біткен

Мінезі бар мызғымас ерге біткен

18.07.2025
Жетісудың жайсаңы

Жетісудың жайсаңы

18.07.2025
Металлургия – ел дамуының берік іргетасы

Металлургия – ел дамуының берік іргетасы

18.07.2025
Монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтары жойылды

Монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтары жойылды

18.07.2025
Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді

Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді

18.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.