Талдықорған: +8°C
$ 525.28
€ 607.85
₽ 6.47
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет АЛТЫН ТҰҒЫР

ҚАЗАҚТЫҢ АЛТЫН БАЛАСЫ

10.01.2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҚАЗАҚТЫҢ АЛТЫН БАЛАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміз егемендік алғаннан бастап жыл сайын еркін күрестен өтетін әлем чемпионатында бір қазақтың алтын алар сәтін күтіп келді. Бала жастан белдесіп өскен қазақтың баласынан 30 жыл әлем чемпионы шықпау – өзекті өртеп, көңілді астан-кестең шығаратын. Осы бір сеңді бұзып, ұлт үмітін жарып шыққандай 19 жастағы Ризабек Айтмұхан былтыр Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатында топ жарды.


«Әр спортшы өзінің жеңісіне сену керек. Жеңіс жолында кездесетін сан кедергіге қарамастан, өзіңе берген сертке адал болуға тиіссің. Ал спортшының бойында сәл сенімсіздік болса, онда жарысқа қатысудың қажеті жоқ. Ал өзім әлем чемпионатындағы жеңісіме сендім және әр сәт ойымнан шығармадым. Армандадым, сол жолда мақсат құрдым», – дейді Ризабек Айтмұхан. Былтыр бүкіл әлем Белградқа көз тіккен. Күресте таңдаулылардың сыналатын, жастардың көрінетін сәті. Ел ішінде биылғы Қазақстан Спартакиадасының жеңімпазы есебінде ғана белгілі Ризабек үлкен сынға түcкен (92 келі). Ол ширек финалда екі дүркін Еуропа чемпионы түрік Фейзулла Ақтүрікті, жартылай финалда грузин Мириан Майсурадзені оңай жеңді. Финалда әзербайжан Осман Нурмагомевтен айласын асырып кетті. Қазақ балуаны ұтылып жатып, соңғы сәтте жеңісті жұлып алды. Ризабектің өзі «Финалда 0:2 есебімен ұтылып жаттым. Ұпайды ұстатып қойғаннан кейін қарсыласпен барынша алыстым, осал тұсын іздедім. Оңтайлы сәтті күтіп, өз дегенімді жүзеге асырғанда күрестің аяқталуына 40 секунд ғана қалған еді. Одан кейінгі 30 секунд мен үшін де, жанкүйерлер үшін де ауыр өткендігі сөзсіз. Қарсыласымның шабуылына төтеп берумен болдым. Дәл сол күні менің жолым болды, еңбек ақталды» дейді. Иә, бір балуанның биікке жетуіне бір емес бірнеше адам себепкер болады. Әр медальдің артында үлкен еңбектің тері жатыр. Финалдан кейінгі Ризабектің сезімін сөзбен суреттеу мүмкін емес. Жалпы жеңіс атаулының дәмі басқа, қуанышқа бөлейтін сәті де ерекше. Тұғырдың биік жерінде қолын кеудесіне қойып, Әнұранды беріге шырқап тұрған, Көк тудың жоғары көтеріліп бара жатқанына ерекше сүйіспеншілікпен көз жіберіп қарап тұрған Ризабектің бейнесі адам бойына жылулық ұялатады. Ризабек Айтмұхан – еркін күрестен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Балуанның айтулы жеңісінен кейін Президентіміз дереу құттықтау хат әзірледі. Онда «Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұханның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін» деген. Осы алтынды жалпы күрес бойынша Қазақстан 25 жыл күтті. Балуандарымыз 1999 жылы грек-рим күресінің шебері Мхитар Манукянның алтынынан кейін жеңімпаздар тұғырына көтерілмеген еді.

Мемлекет абыройын асқақтатып, еркін күрес тарихында Әлем чемпионатының алғашқы алтынын алған қазақ есебінде кең танымалдылыққа ие болды. Өзі бұл жөнінде «Сербияда чемпион екенім аса білінбеді. Бөтен ел, бөгде адамдар. Келіп-кетіп жатқандар көп. Ал елге келгенде халық әуежайдан бастап алақанында тербетті. Чемпиондығыммен құттықтап, суретке түсіп, қолтаңба сұрап жатқанда ерекше әсерлендім. Халықтың көптен күткен алтынын алып бергеніме қуаныштымын. Тіпті кейбірі екінші Қажымұқан десе, біреулері атамыздың ізбасары деп жатыр. Тарихты жасағаныма қуаныштымын. Халқымыздың біртуар аяулы азаматы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың ескерткішінің алдына гүл қойып, қасына суретке түскенімде қатты толқыдым. Бұл тарихты менің жасап, жеңісті сәт маған бақ болып бұйырғанына әлі де сене алмайтын кездер болады» дейді чемпион.

Осыдан 4 жыл бұрын Астанада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтті. Еркін күрестен екі қазақтың баласы финалда күресті. Дәулет Ниязбеков (65 келі) пен Нұрқожа Қайпанов (70 келі). Өз елімізде бір алтынды алып қалуды мақсат тұтқан балуандарымыз барын салғанымен, сәті бұйырмаған. Жеңімпаздың жүлдесі қолдан сусып шығып кеткен еді. Сол жарысқа ерікті болып елордадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт интернаттың оқушылары бекітілді. Арасында 9-сынып оқушысы Ризабек те бар болатын. Ол кезде есімі беймәлім. Жастар арасында көрініп, болмаса жасөсіпірмдерден жасақталған ел құрамасына да қосылмаған. Дәулет Ниязбеков пен ресейлік Гаджимурат Рашидовтың арасында болып жатқан финалдық кездесудің үзілісінде, шашы бұйра, бойы ұзын бозбала кілемді көпшіліктің көзінше сүртіп алады. Араға 4 жыл салып сол сәтте  кеткен ағаларының есесін қайтарып, өзі Әлем чемпионы болды. «Адам өміріндегі оқиғалар себепсіз орын алмайтындығына көзім жетті.  Бір оқиға араға уақыт салып бір іске себепші болады. Ойлаңызшы, 4 жыл бұрын ғана кілем сүртіп жүрген бала әлем чемпионы болып отыр. Таңғалатын жағдай! Ал Белградтағы жеңісімнен кейін басқа чемпиондар сияқты туды жамылып, кілемді айналып шыға алмадым. Оны да жақсылыққа жорыдым. Әлем чемпионатында болмаса Олимпиада ойындарында туды жамылып жүгіріп шығармын. Жаратқанның сыйынан дәмелімін. Бірақ та ел тарихындағы алғашқы алтынды алып тұрып, туды жамылып жүгіре алмағандығыма әлі де өкінемін» дейді. Болашақ жоспарымен бөліскен азамат алдағы уақытта салмақ ауыстырып, Олимпиада ойындарына бару үшін барын салмақ (92 келі салмақ Олимпиадалық емес, келесі жарыстарға 97 келіде күреспек). Париж Олимпиадасына жолдама үлестіретін Азия чемпионатына жаңа салмақпен қатысып, өз күшін сынап көрмек.

Тағы бір қызықты ақпарат. Сөз арасында чемпионымыз ережесіз жекпе-жекке қызығатынын, Алматыдағы Dar Team залында жаттығатынын айтты. Бүгінде UFC-де ел намысын абыроймен қорғап жүрген Шавкат Рахмоновқа күрес жағынан көмектесіп, әдістерді үйрететінін жасырмады. Дәл қазіргі сәтте Ризабектің мақсаты белгілі. Ал ол мақсаттар орындалса ережесіз жекпе-жекте өзін сынап көруі де мүмкін.   

Сәл шегініс жасайық. Алты Алашты жеңісімен қуантқан азамат 2004 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Шоқан Уәлиханов ауданына қарасты Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. Үйдің тұңғышы (екі інісі, үш қарындасы бар). Күреспен айналысуына тікелей себепкер – әкесі. Өзі де күреспен айналысқан азамат ұлының балуан болғанын қалап, күштеп күрес залына апарған. Алғашқы жеңісінен кейін-ақ махаббаты оянған бала әкесімен бірге жаттығып, тәп-тәуір нәтиже көрсете бастаған. Әкесі бүгінде жеке бапкерімен бірге қолғабыс жасап жүр. Әке мен ананың сенімі ­– кез келген шыңды жарып шығар үлкен күш. Ризабекті де алға жетелеп келе жатқан аяулы жандардың батасы мен тілегі.

Серік ҚАНТАЙ

 

 

Қатысты жаңалықтар

Тәуелсіздік күні: қазақстандықтар желтоқсанда қалай демалады?

Тәуелсіздік күні: қазақстандықтар желтоқсанда қалай демалады?

12.11.2025
Ең көп баспана қай қалада сатылды?

Ең көп баспана қай қалада сатылды?

12.11.2025
Банктер туралы жаңа заң: не өзгереді?

Банктер туралы жаңа заң: не өзгереді?

12.11.2025
Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді

Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді

12.11.2025
Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты

Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты

12.11.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.