Биыл «требл» (Қазақстан кубогы, Қазақстан суперкубогы, Қазақстан чемпионаты) жасаған «Жетісу» волейбол клубы маусымды табысты аяқтап, іле-шала Филиппиннің Пасиг қаласында өтетін 1-ші Азия чемпиондар лигасына (осыған дейін Азия клубтар арасындағы чемпионат болды) дайындықты бастады.
Азия чемпиондар лигасына баратын құрамда өзгерістер бар. Жанкүйерлерге «Қуаныш» сапындағы ойыны арқылы жақсы таныс нәтижелі шабуылшы Юлия Дымар, «Ақтөбеде» ойнаған талдықорғандық байланыстырушы Алина Ашхабекова және Ұлттық құраманың ойыншысы, «Берелден» ауысып Кристина Белова қатарға қосылды. Ал маусым бойы «Жетісу» сапында жақсы ойнаған Сильви Уаттара (Ресей) мен жетісулық Мария Гардер келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты командадан кетті.
– Дайындық жақ сы. Жоспар бойынша жүріп жатыр. Жаңа ойыншыларды бақылап, олардың қарымын байқадық. Ел намысын қорғайтын болғандықтан абыройлы ойын көрсету үшін барымызды саламыз, – дейді аға жаттықтырушы Денис Исаев.
Серік ҚАНТАЙ