Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Солтүстік Македонияға қарсы өткен ойында шабуылшы жетіспегенін мойындады, деп хабарайды 7-su.kz ақпарттық порталы aladop.kz сайтына сілтеме жасап.
— Ұлттық құрамада Бақтиер Зайнутдиновтың жоқтығы қатты сезілді. Оның 14 голмен Қазақстан тарихындағы ең үздік сұрмерген екенін білесіздер. Статистикасына назар аударсаңыздар, қандай командаларға гол соққанын көресіздер. Айып алаңы ішінде позицияны өте жақсы таңдайды. Бұл Абат Айымбетовке де қатысты. Түркия лигасындағы аутсайдер клубта ойнаса да, әр турда соңына дейін гол соғуға тырысады. «Қайсар» клубының шабуылшысы Айбар Жақсылықов та жетіспеді. Қазақстан Премьер-лигасында 6 гол соққан. Өздеріңіз байқағандай, Солтүстік Македония бір ғана мүмкіндігін қалт жібермей, 32 жастағы Александр Трайковски көзге түсті
Байқағандарыңыздай, 90 минут ішінде қарсыластан көбірек соққы (13 cоққы) жасадық. Өкінішке қарай, тек гол жетіспеді. Бұл жолы сәттілік серік болмады. Бірақ келесі матчтарда қарсылас қақпасынан саңылау табатынымызға сенімдемін, — деді Әли Әлиев.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македонияны қабылдап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.