Төрт боксшымыз жартылай финал жолдамасы үшін, ал біреуі финалға шығу үшін жекпе-жекке қатысады.
Кешкі сессия
Басталуы: 19:00
-
2-жұп | 51 келі | Ширек финал
Алуа Балқыбекова (Қазақстан) – Юна Нишинака (Жапония) -
4-жұп | 65 келі | Ширек финал
Сукйонг Канг (Оңтүстік Корея) – Аида Әбікеева (Қазақстан) -
5-жұп | +80 келі | Жартылай финал
Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан) – Елдана Талипова (Қазақстан)
Ескерту: Елдана Талипова бұл қарсыласынан 2024 жылғы Азия чемпионатында және 2025 жылғы әлем чемпионатында басым түскен. -
6-жұп | 65 келі | Ширек финал
Хюго Грау (Франция) – Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан) -
8-жұп | 90 келі | Ширек финал
Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) – Емра Ясар (Түркия)
Ескерту: Емра Ясар — 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы.
Қазақстандық боксшылар бүгін жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, турнирдің финалдық кезеңі 6 шілдеде өтеді.