Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет АЛТЫН ТҰҒЫР

Чемпиондар лигасы: Бір ойыншысы кем «Барселона» сырт алаңда жеңіске жетті

06.03.2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Чемпиондар лигасы: Бір ойыншысы кем «Барселона» сырт алаңда жеңіске жетті

Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасында 1/8 финалының алғашқы ойындары аяқталды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы  kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдегі атақты клубтардың бірі, каталониялық «Барселона» Лиссабонда «Бенфика» (Португалия) командасымен шеберлік байқасты.

Бұл ойында 22-минутта испаниялық клубтан қорғаушы Пау Кубарси алаңнан қуылды. Туғанына 18 жас 42 күн болған П.Кубарси Чемиондар лигасында ХХІ ғасырда алаңнан қуылған ең жас футболшы атанды. 

Бір ойыншысы кем болғанына қарамастан, «Барселона» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Гол авторы — бразилиялық Рафинья.

«Барселона» қақпашысы, поляк Войцех Щенсны ойын барысында 8 сейв жасап, 2003-2004 жылғы маусымнан бергі үздік нәтижеге қол жеткізді. 

Биыл Ағылшын премьер-лигасында жеке-дара көш бастап келе жатқан «Ливерпуль» Парижде «ПСЖ» командасын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Мұнда 87-минутта Харви Эллиотт жеңіс голын соқты.

«Бавария» өз алаңында тағы бір германиялық клуб «Байерді» 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Гарри Кейн қос голдың авторы атанса, Джамал Мусиала да құр кеткен жоқ.
Италиялық «Интер» Роттердамда «Фейеноорд» командасының 2:0 есебімен меселін қайырды. Маркус Тюрам мен Лаутаро Мартинес алаң иелерінің қақпасынан саңылау тапты.
Бір күн бұрын Лондонның «Арсеналы» Эйндховенде ПСВ клубын 7:1 есебімен қақырата жеңіп, АПЛ командалары арасында рекорд орнатты.

Сондай-ақ тағы бір ағылшындық клуб «Астон Вилла» сырт алаңда бельгиялық «Брюггеден» 3:1 есебімен айласын асырып, ширек финал жолдамасын алуға жақын тұр.
«Боруссия» (Германия) — «Лилль» (Франция) клубтары 1:1 есебімен тең тарқасты.
Мадридтік дербиде «Реал» өз алаңында «Атлетикодан» басым түсті — 2:1.

Қарымта кездесулер 11-12 наурызда өтіп, ширек финалға шыққан командалар анықталады.

Фото: championat.com

 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.