Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет АЛТЫН ТҰҒЫР

ДЕМЕУДІҢ ЖҮЛДЕСІ КӨҢІЛГЕ ДЕМЕУ

09.08.2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ДЕМЕУДІҢ ЖҮЛДЕСІ КӨҢІЛГЕ ДЕМЕУ

Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ Олимпиада ойындарының аяқталар тұсы жақын. Әлемдегі 206 мемлекеттің үздік спортшылары жалпы 329 медалді сарапқа салды. Бұл жарыстан Қазақстан құрамасы әзірге 7 медаль (1 алтын, 3 күміс, 3 қола) алды.


Ұлттық құрама қатарында сынға түскен Алматы облысының спортшыларынан тек Демеу Жадыраев жүлдеге ие болды. Ол грек-рим күресінен 77 келі салмақта финалға шығып, негізгі кездесуде жапониялық Нао Кусакадан жеңілді. Финалға дейін азуын айға білеген азулы қарсыластары Алексис Муностаннан (Колумбия), Ақжол Махмұдовтан (Қырғызстан), Санан Сүлеймановтан (Әзербайжан) айласын асырып, жеңіске жетті. Бұл жүлде ­­– еліміздің грек-рим күресінің тарихында 16 жылдан кейін қазақтың баласы алып отырған медаль. Оның алдында 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында ауылдасы, ағасы Нұрбақыт Теңізбаев жүлдегерлер қатарынан көрінген еді. Ал финалға шыққан да, күміс алған да кейінгі қазақ – Дәулет Тұрлыханов (Сеул Олимпиадасы, 1988). Арасы – 36 жыл! Осы тұрғыда Демеудің жүлдесінің салмағы басым, жанкүйерлерге ыстық.

— Демеудің күміс жүлдесіне қуаныштымыз. Алтын медаль болады деген үмітпен бәріміз қолдау көрсеттік. Дегенмен, мұның өзі үлкен жетістік. Демеу бар күш-жігерін салып, қолынан келгенін жасады. Қазақ еліне үлкен қуаныш сыйлады, — деді інісінің жүлдесі жөнінде Нұрбақыт Теңізбаев. 

   Одан бөлек Алматы облысынан Олимпиада ойындарына қатысқан мергендердің нәтижесі біз күткендегідей керемет болмады. Әлем кубогы мен Азия құрлығындағы біріншіліктерде үздік нәтиже көрсетіп жүрген мергендеріміз осы бір сында білгендерінен жаңылғандай. Мәселен, стенд атудан жекелей сында Эдуард Ещенко 30 мергеннің ішінен 115 ұпай жинап, 26-орыннан көрінсе, скит бағдарламасы бойынша Әсем Орынбай 116 ұпай жинап (1-22, 2-22, 3-23, 4-24, 5-25), іріктеуден өте алмады. Әсем Орынбай –  стенд атудан Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ қызы. Ол Азия ойындарының жеңімпазы (2022) Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022). Одан бөлек тағы бір қатысушы Мария Дмитриенко стенд ату бойынша 120 ұпай жинап, 10-орын алды. Жұптық сында Эдуард Ещенкомен Әсем Орынбай 140 ұпай (1-23+23, 2- 24+24, 3- 23+23) жинап, 12-орыннан көрінді. Жаһан жарыстарында жарқырап жүрген мергендеріміздің төрт жылдықтың басты додасында сәтсіз өнер көрсетуі жанкүйерлер үшін оңайға соққан жоқ.

  Халықаралық жарыстарда тұрақты түрде үздіктер қатарынан көрініп келе жатқан спортшыларымыздың Олимпиададағы жалғыз жүлдесі облысымыз үшін ғана емес, еліміз үшін айтулы, маңызды жүлде! Әсіресе, күрес десе ішкен асын жерге қоятын, айналасын ұмытып қызығына кіріп кететіндердің көңіліне демеу болған жүлде болды. Ұзақ уақыт аңсап күткен медаль.

Қатысты жаңалықтар

Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025
Кәсіпкерлікті  қолдау ілгерілеу жолы

Кәсіпкерлікті қолдау ілгерілеу жолы

24.06.2025
Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

24.06.2025
Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.