Qazaqstan Football Leaguе (QFL) футболдан биылғы Қазақстан премьер-лигасының үздік бапкерін анықтады.
Остроушко Леонид Константинович атындағы номинацияға «Астана»клубының жаттықтырушысы Григорий Бабаян лайық деп танылды. Үздік бапкерді турнирге қатысқан клубтардың бапкерлері дауыс беру арқылы анықтады.
44 жастағы отандық маманның баптауымен «Астана» клубы OLIMPBET QFL Премьер-лигасының күміс жүлдесін иеленді. Елордалық команда 14 мәрте жеңіске жетіп, қарсылас қақпасына 39 гол соқты және ең аз 19 гол өткізді. Клуб Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығып, сондай-ақ Бабаян қыркүйек айының үздік бапкері атанған болатын.