Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының тоғызыншы туры өтеді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Жеті турдан кейін шымкенттік БИИК, «Ақтөбе» 22, «Қайрат» командалары 21 ұпаймен көш бастап келеді.
Сегізінші турдың ойын кестесі:
«Атырау» — «Қызылжар» (Петропавл)
«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Ақтөбе»
«Жетісу» (Талдықорған) — «Ұлытау» (Жезқазған)
«Тобыл» (Қостанай) — «Елімай» (Семей)
«Томирис-Тұран» (Түркістан) — «Қайрат» (Алматы)
«Жеңіс» (Астана) — «Астана»
«Қайсар» (Қызылорда) — БИИК (Шымкент)
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.