Бүгін, 27 ақпанда Софияда өтіп жатқан Страндажа кубогі-2025 турнирінде кезекті жекпе-жектер өтеді. Бұл жарыс беделдігіне байланысты кіші әлем чемпионаты аталып кеткен, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екі сессияда рингке 18 қазақстандық шығады. 11 боксшы 17:00-де басталатын күндізгі сессияда және 20:30-да басталатын кешкі сессияда 7 боксшымыз айқасады.
A рингі
48 кг. Санжар Тәшкенбай — Руни Луис (Ирландия) — №1 жұп;
51 кг. Даниял Сәбит — Давид Джапаридзе (Грузия) — №3;
60 кг. Талғат Сырымбетов — Тинко Банабаков (Болгария) — №6;
63,5 кг. Ертуған Зейнуллинов — Руслан Рустамов (Әзірбайжан) — №8;
75 кг. Сабыржан Аққалықов — Ремо Сальватти (Италия) — №9;
80 кг. Азамат Бектас — Лаки Аймуфуа (Австрия) — №11.
B рингі
48 кг. Теміртас Жүсіпов — Субхан Мамедов (Әзірбайжан) — №2;
60 кг. Серік Теміржанов — Рис Оуэнс (Ирдландия) — №5;
63,5 кг. Мұхамедсабыр Базарбайұлы — Джейсон Невин (Ирландия) — №7;
75 кг. Тимур Нұрсейітов — Расим Чобанли (Әзірбайжан) — №9;
80 кг. Ерасыл Жәкпеков — Джеймс Уэллан (Ирландия) — №12.
Кешкі сессия (20:30-да басталады)
Ринг A
54 кг. Тимур Қабдешов — Ши Мин Ма (Қытай) — №2;
57 кг. Оразбек Асылқұлов — Уэйн Харрис — Аллен (Уэльс) — №3;
67 кг. Төрехан Сабырхан — Лаша Гогнидзе (Грузия) — №6;
71 кг. Абылайхан Жүсіпов — Олексий Ширяев (Украина) — №8.
B рингі
54 кг. Махмұт Сабырхан — Башким Байоку (Косово) — №1;
67 кг. Санатәлі Төлтаев — Демур Каджая (Грузия) — №5;
71 кг. Фарух Тоқтасынов — Сархан Алиев (Әзірбайжан) — №8.
Фото: instagram/sabyrkhantorekhan