Талдықорған: +26°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет АЛТЫН ТҰҒЫР

«ЖЕТІСУ» ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

06.02.2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
«ЖЕТІСУ» ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Жетісуда волейболдың өзіндік дәстүрі бар. Өңірде сара-ала допқа деген қызығушылық жыл сайын артып, кәсіби бағытта шұғылданатындарға барлық жағдай жасалған. Былтыр қолданысқа берілген еліміздегі тұңғыш волейбол базасы осының бір айғағы. Соған сай ойын көрсетіп, өңір атын әйгілеп жүрген «Жетісу» қыздар волейбол клубы маусым басында Қазақстан кубогы мен суперкбогын жеңіп алды. Ал ел чемпионатындағы турнирлік кестеде әзірге бірінші орында тұр.

Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында волейболдан әйелдер арасында ел чемпионатының төртінші тур ойындары өтіп жатыр. Жергілікті команда бірінші ойынын былтырғы ел чемпионы «Тұран» (Түркістан) командасымен өткізіп, 3:0 (25:14, 25:18, 25:16) есебімен жеңді. Қарсыластың барлық айла-тәсілін жатқа оқып, тосқауыл қойып, әлсіз шептен шабуылдап ұпай алған Марко Грчиш шәкірттері жиналған жанкүйерлердің айызын қандырды. Ойынға арнайы келген облыс әкімі Бейбіт Исабаев кездесуден кейін волейболшылармен әңгімелесіп, әр ойыншыға жеке тоқталып, ойындарына шолу жасай келе сәттілік тіледі. «Тұранмен» болған ойынның үздігі – Перизат Нұрбергенова. Ол 16 ұпай жинады (9 шабуыл, 6 блок, 1 эйс).

— Биыл ел намысын Азия чемпионатында қорғайтын болғандықтан, артылған үміт пен сенім мол. Жергілікті басшылық тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды ерекше атап өткен жөн. Ал біздің мақсат – «Жетісудың» жеңісті жолын жалғастыру. Ол үшін барымызды салып еңбектеніп жатырмыз. Талдықорғандағы турдан кейін Астанада плей-офф ойындары өтеді, сол жерде барымызды саламыз, — деді өз сөзінде «Жетісу» волейбол клубының директоры Нияз Жантілеуов.

Одан бөлек, төртінші турдың басты ойыны саналған «Қуаныш» (Солтүстік Қазақстан облысы) пен «Берел» (Шығыс Қазақстан облысы) арасындағы кездесуде керекуліктердің мерейі үстем болды (3:1 – 23:25, 25:16, 25:22, 25:21). Төртінші турдың бірінші ойынынан кейін турнирлік кестеде «Жетісу» 61 ұпаймен көш бастап тұрса, «Берел» 55 ұпаймен екінші орын, ал «Қуаныш» 52 ұпаймен үштікті түйіндеп тұр.   

Серік ҚАНТАЙ
Суретті түсірген автор

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

14.05.2025
Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

14.05.2025
Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

14.05.2025
Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

14.05.2025
Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.