Талдықорған: +17°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет АЛТЫН ТҰҒЫР

ӘМИН ТҰЯҚОВ. ӨКІНЕТІН СӘТТЕР БОЛАДЫ

06.07.2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ӘМИН ТҰЯҚОВ. ӨКІНЕТІН СӘТТЕР БОЛАДЫ

Менің пайымдауымша, Әмин Тұяқов – ең бақытты адам. Өйткені, ол өзіне біткен күш-жігерді ең абзал мақсатқа арнады. Өзінің ғана емес, халқының атын шығарды. Туған елінің, туған жерінің мерейін өсірді.
Әбіш Кекілбайұлы.

Қазақ спортының жылнамасында Олимпиадаға тұңғыш қатысып және одан жүлде алған спортшының желаяқ болғандығы белгілі (Ғұсман Қосанов 4х100 метр эстафетада 1960 жылы Римде күміс алды). Ал 1964 жылы Ғұсманмен бірге сапта болған тағы бір қазақтың талантты ұлы Токиодағы төрт жылдықтың басты додасына барып тұрып қатыса алмады. Елімізге белгілі жеңіл атлет, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1965), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1997), талай рекордтың жаңартушысы болған қазақтың біртуар ұлы, биыл 87 жасқа толған  Әмин Тұяқовпен сұхбаттасудың сәті түсті.


– Спорттағы тіл мәселесіне тоқталсақ. Елімізде жеңіл атлетика федерациясын былай қойғанда жеңіл атлеттеріміздің басым көпшілігі өз ана тілінде сөйлей алмайды. Бұл жағдайды қалай қабылдайсыз? Өзіңіз де КСРО құрамасына алғаш қабылданғаныңызда қасыңыздағылар «Национальный кадр» деп келемеждеген көрінеді. Бұл жағдайдан қалай шықтыңыз, тіл мәселесімен қалай күрестіңіз?  
–  КСРО құрамасына алғаш қабылданған жылдары Губин, Шейдин, Лосев, Попруга сияқты қысқа қашықтыққа жүгіретін спортшылар болды. Келемеждеген де, бәлен-түген деп жүрген де солар. Ол кезде менің орысшам да шамалы. Тілім жеткенше «көрсетермін сендерге, бәріңді ұтамын» дедім. Ұттым. Өз арамызда болған әңгімелер ғой, кейін бәрімен араласып кеттік. Тіл – жаныңды, құндылығыңды айқындап тұрады. Біздің тіл ғажап. Білмейтіндерге барынша түсіндіруге, ұғындыруға тырыстық, құбылып тұрған заманда құжаттарды да ана тілімізде толтыруға ұмтылдық. Өз тіліңді құрметтеп, қадіріне жеткенге не жетсін?!  

– Спортшыға әуелі өзінен бұрын әсер ететін бапкері екені даусыз. Өзіңізді қандай бапкер болдым деп есептейсіз? Қазақ баласының жаһан жарысында жүгіре алмауына өзіңізді кінәлаған сәт болды ма?
– Әрине, болды. Барынша тырыстық. Қазақ балаларын іріктеп алуға күш жұмсадық. Жаттықтырушыларды да жергілікті мамандардың арасынан тағайындадық. Түрлі санаттағы, үлкен дәрежедегі спортшылар шықты. Иә, ірі жарыстарда топ жарып, керемет нәтижені бағындыра алмады. Бірақ, ел арасында құрметке бөленгендер болды. Қандай бапкер болғанымды шәкірттерім айтар.  

– Біздің бүгінгі спортта жүрген басшыларға, бапкерлерге тәуекел мен ізденіс жетпейтіндей көрінеді. Мәселен, кезінде чемпионатта 6-орын алған өзіңізді Әбен Артықов «болашағы бар қазақ баласы» деп құрамаға дейін қабылдаған. Бүгінгі басшылардан, бапкерлерден тез нәтиже талап етеміз және жаттықтырушылардың өз білімін жетілдіруі де төмендеген сияқты…
– Нағыз қазаққа жаны ашитын және қолында билігі, сөзі өтімді тұста талай жанның өрлеуіне жол ашқан азаматтардың бірі. 1954 жылы 100 метрге жүгіру сынында 12,3 секунд нәтижесімен  Гурьев қаласының чемпионы болып, 1955 жылы үлкен спартакиадаға Гурьев қаласының атынан қатысып, алтыншы орын алдым. Бағым шығар, мені сол уақытта спорт комитетін басқарған Әбен Артықов құрамаға қостырды. Менен де мықты орыстар болды, бірақ «қазақ» деп қолдады. Әлі есімде, Әбен Артықов Мәскеуде болған ірі жарыстың салтанатты шарасына арнайы парадқа жүру үшін 20-30 қазақ қызын алып барғаны үшін ғана жұмыстан қуылып кетті. Көреген басшы, білікті бапкерлер сирек. Талантты тану да үлкен шеберлік. 

– «Олимпиадаға қатыспаған сәтім үшін ұйықтай алмайтын сәттер болады» депсіз. 1964 жылы Токио олимпиадасында 4х100 м эстафетада Э. Озолин, Н. Политико, Ғ. Қосанов және Ә. Тұяқов жүгіруі тиіс еді. Бірақ аға бапкер Бартенев соңғы сәтте Тұяқовтың орнына Борис Савчукті қосты.  Егерде қатысқаныңызда жарысты қалай құбылтар едіңіз, ол жөнінде де ойланып көрген боларсыз?
– Бас бапкер соңғы сәтте өзінің немере інісін жарыс жолына шығарды. Сол кезде «Маған қиянат жасап жатыр, әділетсіздік орын алды» деп ешкімге шағымданбаппын. Кейін «неге бармадым, жоғарыдағыларға айтсам болар еді» деген ойлар келді. Қартайғанда осы сұрақтың алдымнан шығарын бағамдамасам керек. Спорттық талап бойынша, эстафетаға қатысу құқығы менікі еді. Бір жыл бұрын Киевте өткен  КСРО біріншілігінде 100 метрге жүгіруде қола медаль алдым. Олимпиадаға барып тұрып қатыса алмай кеткеніме өкінетін сәттер бар. КСРО құрамасы Олимпиадада (1964, Токио) бесінші орын алды. Қатысқанымда барымды салар едім және мен бабымда болатынмын. Бірақ келесі жылы КСРО-ның рекордын жаңартып, жеңімпаз атандым.   

– Тұңғыш Олимпиадаға қатысып, жүлде алған әріптесіңіз Ғұсман Қосанов жөнінде сұрамау мүмкін емес. Қосановтың қай қасиетін ерекше бағалайсыз, жүгірудегі әдісін айта кетсеңіз.
– Қазақ спортында мен білетін екі адамға қиянат жасалды. Бірі – Шәміл Серіков, екіншісі Ғұсман Қосанов. Екеуі де өздеріне қол жұмсады. Бұл біздің спорттан кейінгі спортшыны аялай білмейтіндігімізді көрсетті. Таланттылардың қадірін жете түсінбейтіндігімізді аңғартты. Ғұсманмен дос болдым, отбасымызбен араластық. Соңғы жолыққанымда «өмірден шаршадым, мәні жоғалды» дегендей сөздер айтты. Өкініштісі, тоқтам болар сөз, қолғабыс болар іс тауып бере алмадық. Ғұсманды еске алуға арналған турнирді жылда ұйымдастыруды әдетке айналдырдық. Бұл  –  желаяқтың есімін ұлықтау, жетістігін жаңғырту. Алғашқы турнирін ұйымдастыратын сәтте Атыраудағы әкім қараларды жағалап, қаражат жинап, шет елдегі достарымызды шақырып абыроймен өткіздік. Бір бастау алған іс өз жолымен жалғасып келе жатыр.Ғұсман болмысынан ширақ, шапшаң еді. 

КСРО құрамасында екі қазақтың – Ғұсман Қосановтың және Әмин Тұяқовтың болғанын өзімнің бақытым деп санаймын. 1956 жылдан бастап жыл сайын «Алыптар кездесуі» деген атаумен КСРО – АҚШ жолдастық кездесулері өтіп тұратын. Бір рет – сол елде, бірде біздің елде. 1965 жылы біз сол эстафетаны жаңа рекордпен (39,3 сек) ұттық. Мен 200 метрге жүгіруден екінші орын алдым. 20,6 секундта жүгіріп өттім. АҚШ сапында атақты екі жүйрік бар еді. Р. Пламмерді ғана алға жібердім. КСРО-ның 1956 жылдан мұрты бұзылмай келе жатқан рекордын жаңарттым. Бізге «КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері» деген атақ берді. Ал бұл кезде еңбек сіңірген спортшы атағын алу үшін олимпиада жеңімпазы болуың керек еді.

– Сұхбатыңызға рақмет!

– әңгімелескен Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.