Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында «бұқаралық спортты дамыту арқылы біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз», – деп текке айтпаған. Жетісу өңірінде бұл жұмыс жүйелі жүргізіліп келеді.
Жыл басынан бері жасөспірімдер арасында «Былғары доп» спорттық жарыстары өткізілуде. Оған Талдықорған қаласындағы өткен «Болашақ» стадионында жасөспірімдер арасында өткен «Былғары доп – 2024» жарысының финалдық ойындары дәлел. Жарысқа әр өңірден іріктелген 200-ге жуық ала доп шеберлері қатысып, өз бақтарын сынауда. Жарыста балаларға 1000 доп таратылды.