Қазақстандық таеквондошы Олимпиада алдындағы жарыста алтын алды.
Таеквондошы Самирхон Абабакиров Люксембургте өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирде 63 килода бақ сынап, алтын медаль жеңіп алды. Бұл оның Азия аймақтық лицензиялық турнирден кейін қатысқан алғашқы бәсекесі.
Самирхон Париж Олимпиадасында 58 кило салмақта бақ сынайды.