Еске салайық, бұған дейінгі матчта Өзбекстан футболшылары тарихында алғаш рет әлем чемпионатының жолдамасын жеңіп алған болатын. Ал, кешегі өткен ойынға ел президенті Шавкат Мирзиеев көрермен ретінде қатысып, матчтан кейін ұлттық құрама мүшелерінің бәріне автокөлік таратты.
Өзбекстан ойыншысы Катар қақпасына екінші голды соққан сәтте Мирзиеевпен бірге оның жанында отырған Олжас Бектенов те қуанышын жасыра алмады. Орнынан атып тұрған біздің елдің премьер-министрі өзбек президентін құттықтады.
Айта кетейік, Олжас Бектенов Өзбекстанға IV Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысу үшін барған. Жиыннан кейін ол Мирзиеевтің шақыруымен футбол көрді.