Қазақстан құрамасы велотректен Париж Олимпиадасының 1 жолдамасына ие болды.
Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.
Бұл ел қоржынына түскен 51-жолдама.
ҚР Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин және спринт дисциплинасында бақ сынай алады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы