Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жалпы медальдар кестесінде АҚШ қытай құрамасын басып озды.
Нақтырақ айтсақ, 6 тамызда жалпы медальдар кестесі бойынша АҚШ көш басына шықты. Олардың еншісінде 24 алтын, 31күміс, 31 қола медаль бар.
Ал қытай құрамасы оладан 2 алтынға кем. Олардың еншісінде 22 алтын, 21 күміс, 16 қола медаль бар.
Үздік үштікті әзірге Австралия құрамасы түйіндеп тұр. Оларда 14 алтын, 12 күміс, 9 қола медаль бар.
Ал Париж Олимпиадасында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған Қазақстан спортшылары әзірге 30-орынды қанағат тұтты.
Бүгін Париж Олимпиадасында 5 мемлекеттің қоржынына алғашқы жүлделері түсті. Осылайша медаль алған елдер саны 69-ғе жетті.
Олимпиада қожайындары Франция құрамасы әзірге төртінші орында келеді. Олардың еншісінде 13 алтын, 16 күміс, 19 қола медаль бар.
Жалпы Олимпиада алтынына 42 мемлекет, күміске 58 ел, ал қолаға 69 ел қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.