Көркем гимнасшы Елжана Таниева Париж олимпиадасына барады.
Көркем гимнастикадан Ташкентте өткен Азия чемпионатында қазақстандық Елжана Таниева көпсайыста алтын медаль иеленіп, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Қазір Қазақстанда Париж олимпиадасына елу жолдама болды.
Осылайша Қазақстан көркем гимнастикадан алтыншы рет қатарынан олимпиадаға қатыспақ. 2004 және 2008 жылдары Әлия Юсупова, 2012 жылғы олимпиадаға Анна Альябева, 2016 жылғы олимпиадаға Сабина Әшірбаева, Токио-2020 олимпиадасына Алина Әділханова барған. Ең үздік нәтиже – Әлия Юсупованың 2004 жылғы көсайыстағы 4-орны.