«Жетісу» футбол клубы Талдықорғандағы орталық алаңда ел чемпионатының 22-тур аясында «Елімай» (Семей) командасын қабылдап, жеңіске жетті. Бұл талдықорғандықтардың чемпионаттағы он екі ойыннан кейінгі жеңісі. Осы аралықта жеті ойынды тең ойнап, бес ойын жеңілген болатын.
«Жетісу» (Талдықорған) — «Елімай» (Семей) 2:0 (1:0)
Голдар: Мужиков пенальтиден 24 (1:0), Чогадзе 83 (2:0)
Соғылмаған пенальти: Шина 62 (бағанаға тиді).