Бір ай бұрын келісімшартқа қол қойған Әли Әлиев ресми түрде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Сонымен қатар, ҚФФ құрылымындағы бірқатар маңызды кадрлық тағайындаулар жүзеге асырылды:
-
Геннадий Скуртул – ҚФФ техникалық директоры;
-
Руслан Балтиев – ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің директоры;
-
Әли Әлиев – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері;
-
Денис Мамонов – Қазақстан жастар құрамасының (U-21) аға бапкері;
-
Кирилл Кекер – Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) аға бапкері;
-
Бауыржан Сағындық – Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-17) аға бапкері;
-
Мадияр Кембілов – Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері;
-
Жанна Мальгаждарова – Қазақстан әйелдер құрамасының (U-19) аға бапкері;
-
Юлия Мамонова – Қазақстан әйелдер құрамасының (U-17) аға бапкері.
Бұл тағайындаулар ҚФФ-ның техникалық секторын жүйелі түрде жаңғырту стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Жаңарту жұмыстары стратегиялық жоспарлау, әдістемелік қамтамасыз ету, аймақтық бағдарламаларды дамыту, бапкерлер дайындау және құрамалар қызметін үйлестіру бағыттарында іске асырылуда.
2026 жылдың басында Қазақстан футболының техникалық дамуына арналған жаңа ұлттық стратегия ұсынылады. Құжат ерлер, әйелдер, жасөспірімдер және жастар футболын қамтып, заманауи ойыншы мен бапкер дайындаудың қағидаттарын, сондай-ақ қысқа және орта мерзімді даму мақсаттарын белгілейтін болады.
ҚФФ қазіргі өзгерістердің басты мақсаты – құрамалар арасындағы байланысты нығайту, дайындық жүйесінің бірізді құрылымын қалыптастыру және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттыру екенін атап өтті.
Барлық өзгерістер ашықтық, кәсібилік және ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталу қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуда.
Қазақстан футбол федерациясы осыған дейін аталған лауазымдарда қызмет атқарған мамандарға атқарған еңбектері үшін алғыс білдіріп, алдағы кәсіби жолдарында табыс тілейді.
Дереккөз: baq.kz