Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл команда сапында 24 отандасымыз жүлдеге таласты. Нәтижесінде U23 және ересектер кіретін А санатында Ұлттық құрама жалпы есепте Таиландтан кейін 2-орынға тұрақтады. Қазақстан спортшылары 7 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды.
Біздің жетістіктер:
— Команда капитаны Әбіл Ғалиев – тай боксынан 2 дүркін Азия чемпионы атанған тұңғыш отандасымыз.
— Даяна Дүйсенғали — «Әйелдер арасында үздік спортшы» («Best female fighter») атанды.
— Қазақстан құрамасы Азия муайтай федерациясының (FАMA) арнайы сыйлығына — «Best fair play team» ие болды.