Қазақстан құрамасы Сингапурда өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогының 2-кезеңінде алтын медаль иеленді.
Құралмалы садақпен (Compound bow) аралас жұптар арасындағы сайыста Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн ақтық сынға жолдама алып, шешуші кезеңде Үндістан құрамасынан басым түсті. Қорытынды есеп – 155:153.
Бұл – Қазақстан командасы үшін Азия кубогының осы кезеңіндегі маңызды жеңістердің бірі.
Айта кетейік, бүгін – Азия кубогының 2-кезеңіндегі шешуші жарыстар күні.