Көптен көрінбей кеткен Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та шаршы алаңға шықты. Бұл оныңорта дивизиондағы алғашқы жекпе-жегі, 7-su.kz желілік басылымы деп хабарлайды
Анығында Ахмедов Геннадий Головкиннің бұрынғы промоутері Том Леффлер ұйымдастырған Санта-Йнесе қаласында (АҚШ) өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Орта салмақтағы 26 жастағы отандасымыздың қарсыласы ретінде 30 жастағы америкалық боксшы Антонио Тодд таңдалған.
Садриддин бірінші раундта-ақ нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Нәтижесінде кәсіпқой рингте 14 рет (оның 12-сі мерзімінен бұрын) жеңіске жетті.
Фото: sports.kz-тен алынды