Талдықорған: +26°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет АЛТЫН ТҰҒЫР

ҮШ ОЙЫННАН ТОҒЫЗ ҰПАЙ

14.01.2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҮШ ОЙЫННАН ТОҒЫЗ ҰПАЙ

Үшінші турдың үшінші ойын күні «Жетісу» «Ару Астана» командасымен жолығып, айқын басымдылықпен жеңді. Таблодағы нәтиже – 3:0 (25:14, 25:6, 25:12). Осылайша Марко Грчиштің командасы үш ойыннан тоғыз ұпай алды.


«Ару Астана» үшінші турды сәтсіз бастады. Бірінші ойында екі тур бойы жеңіске жетпеген «Ертіс» командасынан 2:3 (25:18, 20:25, 30:28, 23:25, 10:15) есебімен жеңілді. Екінші кездесуінде «Грация» (Орал) командасын бес сетке созылған ойында 3:2 (25:23, 25:23, 20:25, 23:25, 15:10) көрсеткішімен басым түскен. Үшінші кездесуінде тәжірибелі «Жетісумен» жолығып, үш сетте де жеңілді. Ал «Жетісу» болса үшінші тур басталғалы «Қарағандыны», «Алматыны» 3:0 нәтижесімен ұтты.

«Жетісу» мен «Ару Астана» арасындағы ойынның үздігі – Татьяна Никитина. Ол 11 ұпай жинады (1 сетте – 4, 2 сетте – 5, 3 сетте – 4 ұпай). Татьяна 18 мәрте шабуылға шығып, 9 ұпай алса, 2 ұпайды допты ойынға қосу барсында жасаған эйстің арқасында алды. Ал жалпы «Жетісудың» ойындағы шабуылдау көрсеткіші – 54 пайыз. «Ару Астананың» шабуылға шығу есебі – 20 пайыз. Талдықорғандықтар 14 эйс жасаса, қарсыластары мүлдем жасамаған.

Ойыннан кейін «Жетісудың» диагоналді шабуылшысы Зарина Мубаракзянова «Бапкердің бүгінгі ойынға қойған жоспарын толық орындадық. Соның арқасында жеңіске жетіп отырмыз. Біз үшін маңызды кездесулер енді басталады. Соған дайындаламыз» деді. Ертең жарыстағы командалар үшін демалыс. Одан кейін жетісулықтар «Грация» (Батыс Қазақстан облысы), «Қуаныш» (Солтүстік Қазақстан облысы), «Ертіс» (Павлодар облысы) және «Берел» (Шығыс Қазақстан облысы) командасымен ойнайды.  

Серік ҚАНТАЙ
арнайы Петропавлдан 
(фото автордікі)

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ.

— «ЖЕТІСУ» ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

— ҚАТАРЫНАН ЕКІНШІ ЖЕҢІС

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

14.05.2025
Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

14.05.2025
Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

14.05.2025
Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

14.05.2025
Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.