Кирилл Герасименко үшінші Олимпиадасына қатысады.
Үстел теннисінен Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Кирилл Герасименко Парижде өтетін Олимпиадаға лицензия алды.
Ол бұл мүмкіндікке көптеген рейтингтік жарысқа қатысып, тұрақты ұпай жинау арқылы қол жеткізді.
Кирилл осымен үшінші рет Олимпиадада сынға түседі. Осыған дейін Кирилл Рио мен Токиода бақ сынаған еді.
Бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен 68-жолдама.