Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов Бангкокта өтіп жатқан «Thailand Open»-2025 халықаралық турнирінің ширек финалында өзбекстандық Жавохир Абдурахимовқа есе жіберіп, жарыс жолын тоқтатты.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек толық үш раундқа созылып, нәтижесінде төрешілердің бөлек шешімімен (4:1 есебімен) өзбекстандық спортшы жеңіске жетті. Осылайша, Абдурахимов жартылай финалға жолдама алып, кемінде қола жүлдені иеленуге мүмкіндік алды.
Ал Тимур Нұрсейітов үшін бұл турнир аяқталды. Айта кетсек, бұған дейін ол Олимпиада чемпионымен өткен кездесуде нокдаунға түскен, алайда кейін әлем чемпионымен жекпе-жекте сенсация жасап, жүлдегер атанған болатын.
Дереккөз: vesti.kz