Талдықорған: +11°C
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет АЛТЫН ТҰҒЫР

ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ЖАҢА БАСШЫ

01.10.2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ЖАҢА БАСШЫ

Елордада ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбековтың төрағалығымен Туризм және спорт министрлігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.


Отырыста 2023 жылдың қорытындысы бойынша министрліктің бюджеттік бағдарламаларының орындалуы, ведомствоның даму жоспарын іске асыру мониторингінің нәтижелері және Қоғамдық кеңестің өзге де мәселелері талқыланды.

Жиында Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы сайланды. Төраға қызметін атқарған Бекболат Орынбеков өз өтініші бойынша өкілеттілігін тоқтатып, оның орнына кеңес мүшелерінің ашық дауыс беруі нәтижесінде бірауыздан қоғам қайраткері, талай жыл спорт саласында өнімді еңбек еткен Елсияр Қанағатов сайланды.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов осы күнге дейін Б. Орынбековтың төрағалығымен Қоғамдық кеңес азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты бірқатар маңызды нормативтік құқықтық акт жобаларын қарағандығын айтып, алғысын білдірді.

«Қоғамдық кеңес Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістер енгізуге, заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимылдың 2024-2026 жылдарға арналған Кешенді жоспарының қабылдануына, сондай-ақ спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша нормативтік құқықтық актісіне өзгерістер енгізуіне өз ұсыныстарын білдірді. Бұдан бөлек туризм, спорт, ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістер енгізуге арналған алқа отырыстарына және министрлік өткізетін өзге де іс-шараларға тұрақты түрде қатысып отырды», — деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.

Сонымен қатар ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің құрамына резервтегі кандидаттар тізімінен спорт журналисі Альберт Ахметов енді.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

21.05.2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

21.05.2025
Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

21.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.