Волейболдан 34 ел чемпионатының ойындары басталды. Екі топқа бөлінген командалар Астана мен Петропавлда ойнап жатыр. Былтыр өзі қатысқан жарыстың бәрінде жеңіске жеткен «Жетісу» «А» тобында «Берел» (Шығыс Қазақстан обылсы), «Тұран» (Түркістан облысы) және «Алматы» командаларымен ойнайды. Бірінші ойында жетісулықтар айқын жеңіске жетті.
Маусымның алғашқы ойынын «Алматымен» өткізген «Жетісу» 3:0 (25:12, 25:20, 25:14) есебімен ұтты. Матчтың үздік ойыншысы – Татьяна Никитина. Ол 16 ұпай (шабуылдан 13, 1 эйс, 2 блок) жинады. Ал екі команданың статистикасы бойынша «Жетісудың» шабуылдағы көрсеткіші 51 пайыз болса, 6 блок, 11 эйс жасаған. Бұл тұрғыда «Алматының» шабуылдағы белсенділігі 30 пайызға бағаланып, 2 блок, 4 эйстен ұпай алды.
— Чемпиондық жолда аянып қалмаймыз. Оған басшылықтың да, жанкүйерлердің де қолдауы зор. Біз өз кезегімізде сол үдеден шығып, барша қолдаушыларымызды қуантқымыз келеді. Командада аздаған өзгерістер бар. Былтыр Ресей чемпионатында «Енисей» сапында ойнаған тәжірибелі Мария Фролова келді және өзіміздің жастардан Мерей Ақжолтай мен Елизавета Сырова негізгі командада ойнауға мүмкіндік алды. Чемпионат енді басталғаннан кейін кесіп ештеңке айта алмаймыз, тек жеңіс жолында барымызды саламыз, — дейді «Жетісу» волейбол клубының директоры Нияз Жантілеуов.
«Жетісу» келесі ойынын 3 қазан, 15:00-де «Тұранға» қарсы өткізеді.
Серік ҚАНТАЙ





