Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов отандық боксшылардан Геннадий Головкиннен кейін кім әлемдік аренаны бағындыра алатынын айтты.
Бүл туралы 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бізде Жәнібек бар. Ол супержұлдыз бола алады. Жанқош Тұраров, Батыр Жүкембаев бар. Мен «қазақтық Флойд Мейвезері» деп атайтын тағы бір жігіт бар, ол Данияр Елеусінов. Қазір промоутерлермен келіспеушіліктері бар. Ол осы қиындықтары туындамағанында екінші Мейвезер бола алатын еді деп ойлаймын. Екі жыл рингке шыға алмай қалды. Бұл жігіт — Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, не бар бәрін жеңіп алған. Міне осы аталған жігіттерде харизма бар және болашақта әлемдік жұлдыздарға айнала алады, — деп жауап береді Хамитовтың сөзін Meta Fight.
Фото: instagram.com/kuat__khamitov