Қырғызстан астанасы Бішкекте Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегерлері Қанатбек Бегалиев (Қырғызстан) пен Нұрбақыт Теңізбаевтың (Қазақстан) құрметіне 22 маусымда 2010-2012 жылы дүниеге келгендер арасында грек-рим және еркін күрестен І қазақ-қырғыз халықаралық турнирі өтеді. Турнир 10 салмақ бойынша (29, 32, 35, 39, 41, 48, 52, 57 және 65 келіге дейін) болады.