Күрес түрлерінен Стамбулдағы әлемдік іріктеу турнирінде елімізден барған бірде-бір балуан жолдамаға ие болмады. Ал жалпы Париж олимпиадасына Қазақстанның намысын 7 балуан қорғайды.
Еркін күрестен:
86 келі – Азамат Дәулетбеков
97 келі – Әлішер Ерғали
125 келі – Юсуп Батырмұрзаев
Грек-рим күресінен:
60 келі – Айдос Сұлтанғали
77 келі – Демеу Жадыраев
87 келі – Нұрсұлтан Тұрсынов
130 келі – Әлімхан Сыздықов
Әйелдер күресінен ешқандай жолдама бұйырмады. Тарихымызда алғаш әйелдер күресінен олимпиадаға ешкім бармайды.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»