Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет АЛТЫН ТҰҒЫР

ЖАҢА КЕШЕН ЕЛ ИГЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

19.08.2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЖАҢА КЕШЕН ЕЛ ИГЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Облыс туризмінің тамырына қан жүгірткен моноқала Текеліде дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Спорт күні қарсаңында ашылған заманауи нысанның салтанатты шарасына облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ арнайы қатысты.


Жетісу облысында бұқаралық спортты дамытуға, соның ішінде шалғай аудандар мен ауылдарда ерекше көңіл бөлінген. Қазіргі кезде елді мекендерде 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені болса, 31 мыңнан астам халқы бар Текелі қаласында ашылған тағы бір жаңа кешен жұртшылықты қуантты.

Ел қуанышына ортақтасқан  Бейбіт Өксікбайұлы Текелідегі кешеннің ашылуында әуелі өңірде спорт саласына жасалып отырған жағдайларға қысқаша тоқталып өтті. 

– Бүгін Спорт күніне орай Текеліде заманауи жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашып отырмыз. Мұндай кешен облыс орталығы Талдықорғанның өзінде жоқ. Жалпы Жетісу облысы құрылғалы бері өңірде 14 спорт нысаны салынып, ел игілігіне ұсынылды. Әлеуметтік саланың инфрақұрылымын дамытуда блокты-модульді конструкциялар кеңінен қолданылуда. Осы оң тәжірибені біз өткен жылдан бері спорт саласында да пайдалана бастадық. Мәселен, былтыр ауылдық жерлерде 4 блокты-модульді спорт кешені салынса, биыл тағы алтауының құрылысына қаржы бөлінді.

Осындай жаңа нысандар Қаратал ауданының Тастөбе ауылында, Ескелді ауданының Шымыр, Жетісу, Елтай, Кербұлақ ауданының Қызылжар, Алакөл ауданының Қарабұлақ ауылдарында бой көтереді. Мұндай спорттық нысандардан халықаралық жарыстарда биік шыңдарды бағындыратын мықты спортшылар шығады деп сенемін, – деген аймақ басшысы  өз кезегінде қара күздің соңына дейін текеліліктер газға қосылатынын және ауызсу мәселесі шешілетінін сүйіншіледі.

Салтанатты шара барысында Бейбіт Өксікбайұлы, спорт ардагерлері Тұратбек Чарапиев, Ертай Дүйсебаев, Атланта олимпиадасының жүлдегері Мәулен Мамыров бастаған зиялы жандар жаңа спорт кешенінің лентасын салтанатты түрде қиды.

Енді бұл спорт нысанында қаланың Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жаттығады. 

– Текелі қаласында Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Мұнда  495 баланы 24 жаттықтырушы 7 спорт түрінен жаттықтырады. Жаңа спорт кешенінің ашылуының арқасында спортпен айналысатын балалар санын 800-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Қосымша секциялар – әйелдер күресі, еркін және грек-рим күрестері, үстел теннисі үйірмелерін ашуды жоспарлап отырмыз, оған қажетті  8 жаттықтырушы жұмысқа қабылданады. Мұнда қала халқының да бұқаралық спорт түрлерімен айналысуына мүмкіндік жасалған, – дейді Текелі қалалық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры Дидар Өтелбаев.

Көркі көз сүйсінтетін екі қабатты жаңа спорт кешені 180 орынға арналған. Мұнда қажетті спорттық құралдармен жабдықталған бокс, күрес, жаттығу және ойын залдары, сонымен бірге жүгіру жолы бар ашық стадион, балалар ойын алаңы мен воркаут-алаңдар бар.
– Туған жердің бір жусаны гүлдесе қуанатын елжандылық сезім бар бойымызда. Ал туған өңірің өркендеп, зәулім үйлер, заманауи кешендер салынып жатса қалайша қуанбайсың?! Текелі тұрғыны ретінде мен де осынау қуанышты оқиғаның куәгері болып отырмын. Ризамын. Енді осынау дене шынықтыру-сауықтыру кешенінен, жаңа облыс әкімі құттықтау сөзінде айтқандай, Мәулен Мамыров, Нұрбақыт  Теңізбаев, Демеу Жадыраев секілді балуандарымыз, чемпиондарымыз өсіп шықсын, – дейді моноқала тұрғыны Бағлан Темірұлы.

Салтанатты ашылу рәсімінен соң көпшілік облыс әкімімен бірге ойын мен жаттығу залдарын, бокс залын аралап, ғимараттың ішкі жағдайымен танысты. Бейбіт Исабаев жас спортшылармен әңгімелесіп, жасөспірімдерге доп және басқа да спорттық жабдықтар сыйлады. 

Облыс әкімі баспасөз қызметінің берген мәліметінше, аймақ бойынша қазіргі кезде 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданыста. Оған қоса  Панфилов ауданының Үшарал және Сарқан ауданының Алмалы ауылдарындағы спорт кешендердің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Талдықорған қаласында «Жетісу» кәсіби волейбол клубына арналған оқу-жаттығу базасы, жеке инвесторлар есебінен клуб волейболшыларына арналған 40 орынды жатақхана, сондай-ақ, Үстел теннисі орталығы салынуда. Талдықорған орталық алаңына жаңғырту жұмыстары жасалды. «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының демеушілігімен Панфилов ауданы Көктал және Ақсу ауданы Қапал ауылдарында ангар типтес 2 спорттық нысан бой көтеруде. Бүгінгі таңда облыста  280 мыңға жуық адам немесе облыс халқының 40% спортпен шұғылданады.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ
Текелі қаласы

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.