Талдықорған: +34°C
$ 512.44
€ 593.15
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет АЛТЫН ТҰҒЫР

ЖАС ФУТБОЛШЫ АСЛАН ӘДІЛ: ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАДА ОЙНАУҒА ДАЙЫНМЫН

12.05.2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЖАС ФУТБОЛШЫ АСЛАН ӘДІЛ: ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАДА ОЙНАУҒА ДАЙЫНМЫН

Біздің анықтама: Аслан Әділ – «Каспий» футбол клубының ойыншысы. 1998 жылы 13 қаңтарда Ұйғыр ауданы, Кіші Диқан ауылдық округінде дүниеге келген. Іле ауданына қарасты Чапаев ауылындағы №10 орта мектепте оқыған және Талдықорғандағы спорт интернатының түлегі. Футболмен 4-сыныптан бастап айналысады. Алғашқы бапкерлері – Жаңабай Боранов пен Ержан Омаров.

– «Жетісуда» бір толқыннан Айбар Жақсылықов екеуің премьер-лиганың негізі командаларында жүрсіңдер. Осы толқынның жарқырап шығуына не әсер етті, қай бапкердің үлесі зор болды?

– Былтыр «Жетісу» сапында бірінші рет премьер-лигада ойнадым. Оның алдында Бірінші лигадағы «Жетісу-Б» командасында болдым. Бір ғана бапкердің емес, жалпы командалық жұмыстың жемісі деп білемін.

– Бірінші лигада ойнаған «Жетісу-Б» командасының құрамы жергілікті ойыншылар болды. Сол команда  сендердің биікке шығуларыңа көп көмектесті. Бұл жоба ерте жабылып қалмады ма? Болашақта жас футболшыларға осындай мүмкіндік болғанын қалар ма едің?

– Шынымен бұл жоба жергілікті балаларға үлкен мүмкіндік сыйлады. Келешекте де жас ойыншыларымызды қолдайтын, олардың бірлесіп ойнайтын бір командасы болғанын қалар едім. Жас футболшылар үшін Бірінші лиганың өзі үлкен тәжірибе.  

– «Жетісу» биыл Бірінші лигада қандай ойын көрсетеді деп ойлайсың, сенің күтетінің қандай нәтиже? Жалпы, Талдықорған командасы 2000 жылдан бері екі рет Бірінші лигада чемпион болды және бір маусымда екі ойыннан артық жеңіліп көрмеген еді.

– Биыл да жақсы ойнап, премьер-лигаға жолдама алады деп сенемін. Ойындары жақсы. Соған сай нәтиже де тәуір болуы керек.

– 2017 жылы «Жетісу» Бірінші лигада ойнағанда негізгі құрамда жүрдің, чемпион болып Премьер-лигаға өткен 2018 жылы «Жетісуда» емес, Бірінші лигада ашылған екінші командада қалып қойдың. Не себеп? Бапкер солай шешті ме, әлде басқа жағдай әсер етті ме?

– Иә, 2017 жылы Бірінші лигада чемпион болдық. Ал келесі жылы «Жетісуда» емес, екінші командада ойнауым сол кездегі бапкердің (ред.Дмитрий Огай) шешімі еді.

– Дәл қазір «Жетісуда» жүрген құрдастарыңның ішінен болашақта кімнен көп үміт күтесің, қай ойыншы өзін толық көрсете алмай жүр?

– Нұрбол Нұрберген, Мади Хасейн, Равиль Атыханов деп тізімді бастап, ары қарай ұзын-сонар жалғастыруға болады. Барлығынан үміт күтемін. Олар кез келген командада ойнап кете алады.

– Алғашқы жалақың және оған не алдың? Әдетте футболшылар бірінші жалақысына есте қалатын зат алып жатады, болмаса анасына сыйлық жасайды.

– Бірінші айлығымды үйдегілерге бергенмін, әлі де беріп келемін (күліп).

– Орта есеппен жартылай қорғаушылар бір ойында 8-9 км жүгіреді. Маған одан да көп жүгіретін сияқты көрінесің. Шабуылға араласып та, қорғанысқа қайтып та үлгеріп жатасың. Өзің есептеп көрдің бе, бір ойында шамамен қанша км жүгіресің?

– Арнайы есептеп көрмедім. Шамамен 9-10 км жүгіретін шығармын.

– «Каспий» туралы айтсақ. Шақырту қалай болды, ұсынысты қалай қабылдадың? «Жетісуда» әлі де келісімшарт бар, олар тек жалға берді. Жалға алу уақыты аяқталғаннан кейін не істейсің, ол туралы да ойланып көрген шығарсың?

– Шыны керек, бұл сұраққа толық жауап бере алмаймын. Өйткені, қазір жеке агентім бар, сонымен жұмыс істеймін. Бәрін сол шешеді. «Каспий» туралы маған айтқан да, ойымды біліп, ұсынысты қабылдағанда өзі. Ал жалға алу уақыты аяқталғаннан кейін тағы да ақылдасып көреміз. Дәл қазір нақты шешім жоқ.

– Бірінші рет клуб ауыстырдың, әзірге нәтиже көңіл қуантарлық. Командадан командаға ауыспас бұрын сен қандай шарт қоясың? Олар сенен нені талап етті?

– Командаға ауыспас бұрын ешқандай талап қойып, болмаса ұсыныс айтпаймын. Ойыншы болғандықтан менің міндетім – командаға көмектесу. Бапкер сені командасынан көріп тұрса, демек, барыңды салып ойнауға тиіссің.

– «Каспий» биылғы маусымды сәтті бастады, өзің маусым басын қалай бағалайсың? Осы қарқынды ұстап тұру үшін бапкерлік құрамның, ойыншылардың еңбектеніп жатқаны белгілі. Есіңде болса, былтыр «Тараз» да алты тур бойы ұпай жоғалтпай келіп, одан кейін салғырт ойнай бастады.

– Өзіңіз айтқандай, дәл қазір ойыншылар да, бапкерлер де жоғары нәтиже көрсету үшін барын салып жатыр. Ал маусым біз үшін өте сәтті басталды. Осы сәттілікті ұстап қалу үшін еңбектеніп жатырмыз.

– Осыған дейін тек қазақстандық бапкерлермен жұмыс істедің. «Каспийді» жаттықтыратын Николай Костов қандай бапкер? Допты бермей тез ойнауды, қарсы шабуылға жылдам шығып кетуді көбірек тапсыратындай көрінеді. Ойыншылармен қалай жұмыс істейді?

– Өз ісінің шебері. Ойыншылармен қарым-қатынас жасауында, оларға тапсырма жүктеуінің өзінде ерекшелік бар. Иә, бірінші кезекте допты ұзақ бақылауда ұстауды тапсырады. Одан кейін тактика бойынша шабуыл жасаймыз, қорғанамыз.

– Биылғы жылдың наурызында ұлттық құраманың Ұлттар лигасындағы ойынының алдында шыққан кеңейтілген тізімде болдың. Бірақ матчқа қатысатындардың қатарында емессің. Түсіндіріп өтсең. Осыған дейін 19 жасқа дейінгілер арасында құрамада ойнадың, содан кейін бірінші рет шақырту түсті. Ол туралы да айтып өтсең.

– Енді ол бапкерлердің шешімі. Ұлттық құрамадан шақырту түссе, ойнауға дайынмын. Өз еліңнің намысын үлкен ареналарда қорғау – ол кез келген спортшының басты арманы. Менің алдағы мақсатым да осы.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан — Серік ҚАНТАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

17.06.2025
ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

17.06.2025
Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

17.06.2025
Жанға жайлы саябақ

Жанға жайлы саябақ

17.06.2025
Монополияға қарсы органның нұсқамасы орындалды

Монополияға қарсы органның нұсқамасы орындалды

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.