Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Екінші ойын күнінде талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында «Ақтөбеге» қарсы ойында 2:1 есебімен алғашқы жеңісіне жетті. Нәтижесінде аталған турдағы тағы бір сенсациялық есеп тіркелді.
Тағы бір кездесуде «Атырау» өз алаңында қызылордалық «Қайсарға» 1:2 есебімен есе жіберсе, «Қызылжар» (Петропавл) мен «Елімай» (Семей) кездесуінде 1:1 есебімен тең түсті.
Аталған турдың алғашқы ойын күні, 24 мамырда Алматының «Қайраты» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесіне» 1:2, Шымкентте «Ордабасы» Жезқазғанның «Ұлытауға» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Сондай-ақ «Астана» елордалық «Жеңістен» 4:2 есебімен басым түсті.
Оныншы турдан кейін 25 ұпаймен «Ақтөбе» көш басында тұрса, одан кейінгі орындардағы «Астананың» 24, «Қайрат» 23 ұпайы бар.
Енді алдағы тур ойындары 30 және 31 мамыр күндері өткізіледі.