Талдықорғандық «Жетісу» командасының қақпашылар жаттықтырушысы қызметіне 40 жастағы қазақстандық маман Александр Ольхов тағайындалғанын жариялады.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Sport+ сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.
Александр — талдықорғандық клубтың түлегі. Ол 2006 жылы «Жетісу» құрамында Бірінші лигада жеңіске жеткен. 40 жастағы маман бұған дейін «Қайрат», «Оқжетпес», «Елімай» және «Каспий» командаларында қақпашылар бапкері болып жұмыс істеген.